"Жылап жіберді": Шымкентте мұғалім оқушыны ажалдан аман алып қалды

© Sputnik / Айдана ДайыроваШымкенттегі №36 мектептің мұғалімі Айгүл Жұбаева
Шымкенттегі №36 мектептің мұғалімі Айгүл Жұбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2026
Жазылу
Мұғалім бұл жағдайды жария етпеген
АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Шымкенттегі №36 мектептің мұғалімі Айгүл Жұбаева оқушыны ажалдан аман алып қалды. Бұл туралы ол Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.
Сабақ үстінде оқушы кәмпитке қақалып қалған.
"Ол жөтеле бастады. Мен бірден оның қақалып қалғанын түсіндім. Оқушы кеудесін ұстай бастады. Мен қасына тез барып, өзім білетін әдісті қолдандым", – дейді Айгүл Жұбаева.
Мұғалім бұл әдісті бұрыннан білетінін айтты.
"Кезінде өзімнің кішкентай балам да осылай қақалып қалған еді. Сол кезде үйреніп алғанмын. Дәл сол тәсілді қолданып, оқушыны құтқарып қалдым. Ол жылап жіберді. "Жылама, бәрі жақсы болады" деп бауырыма қысып, жұбаттым", – дейді ұстаз.
Айгүл Жұбаеваның педагогика саласында 26 жылдық тәжірибесі бар. Оның 11 жылын бастауыш сынып мұғалімі ретінде өткізген.
Мұғалім бұл жағдайды жария етпеген. Тек кешке оқушының ата-анасына хабарлап, ата-аналар тобына алғашқы көмек көрсету бойынша түсіндірме жасаған. Ал аман қалған баланың ата-анасы, мектеп басшылығы мен әріптестері ұстазға алғысын білдірді.
 ІІ дәрежелі Айбын ордені, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2023
Тоқаев өзгенің өмірі үшін өз жанын құрбан еткен мұғалімді "Айбын" орденімен марапаттады
Жаңалықтар
0