Тоқаев өзгенің өмірі үшін өз жанын құрбан еткен мұғалімді "Айбын" орденімен марапаттады

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской области ІІ дәрежелі "Айбын" ордені, архивтегі фото
 ІІ дәрежелі Айбын ордені, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан мұғалім Александр Руденконы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Астана қаласының № 32 мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Александр Иванович Руденконы (марқұм) адам өмірін құтқаруға байланысты төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.
Еске сала кетейік, Александр Руденко 2023 жылдың 12 шілдесінде Шортанды көлінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып, қаза тапты.
Жаңалықтар
0