Ақтөбеде 26 жастағы әйел бұрынғы күйеуінің қолынан көз жұмды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2026
Жазылу
Қазіргі уақытта 31 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Ақтөбеде 26 жастағы әйел бұрынғы күйеуінің қолынан көз жұмды. Марқұмның артында бір қызы қалды. Бұл туралы оның сіңілісі әлеуметтік желіде жазды.
Полицияның мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Құқық қорғау қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстаған. Қазіргі уақытта 31 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға бұрынғы ерлі-зайыпты арасындағы тұрмыстық жанжал салдарынан болған.
"Бұған дейін полицияға аталған тұлғалардың арасында тұрмыстық жанжал болғаны туралы ешқандай арыз-шағым мен хабарлама түспеген", – деп хабарлады полиция департаменті.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2026
Алматыда әйелін өлтірген экс-полицей сотталды
Жаңалықтар
0