https://sputnik.kz/20261104/almatyda-ayelin-oltirgen-eks-politsey-sottaldy-68202199.html
Алматыда әйелін өлтірген экс-полицей сотталды
Алматыда әйелін өлтірген экс-полицей сотталды
Sputnik Қазақстан
Экс-полицейдің өз жұбайын асқан қатігездікпен пышақтап өлтіргені толық дәлелденді 04.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-04T08:23+0500
2026-11-04T08:23+0500
2026-11-04T08:23+0500
алматы
полиция
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:214:1280:934_1920x0_80_0_0_697c8484b647bcd21f2341d905ef10ab.jpg
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Алматыда әйелін пышақтап өлтірген экс-полицей Серік Накимов 15 жылға бас бостандығынан айырылды.КТК мәліметінше қылмыскер жәбірленуші тарапқа моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге өтемақы беруге міндеттелді.Тергеуде экс-полицейдің өз жұбайын асқан қатігездікпен пышақтап өлтіргені толық дәлелденді. Осыған дейін жасалған екі сараптама қорытындысы қылмыс жасалған сәтте Серік Накимов есеңгіреген күйде болды деп шығарған еді. Дегенмен Наурызбай аудандық соты істің бабын өзгертпей, 39 жастағы ер адамды 15 жылға бас бостандығынан айырды.Марқұмның жақындары бұған дейін қандықол күйеу баланы өмір бойына соттауды сұраған. Дегенмен бүгінгі сот үкімімен де келісіп отыр.Дегенмен жәбірленуші тараптың мүддесін қорғаған заңгер Мейірман Шекеев алдағы уақытта апелляциялық сотқа арыз жазылуы мүмкін екенін айтты.Жантүршігерлік оқиға осыдан бір жарым жыл бұрын болған. 15 жыл ішкі істер органында қызмет еткен Серік Накимов өз әйелін балаларының көзінше пышақтап өлтірген. Артынша өзін де өлтіруге тырысқан.
https://sputnik.kz/20260924/astanada-er-adam-buryngy-ayelin-oltirdi-66961347.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, полиция
Алматыда әйелін өлтірген экс-полицей сотталды
Экс-полицейдің өз жұбайын асқан қатігездікпен пышақтап өлтіргені толық дәлелденді
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Алматыда әйелін пышақтап өлтірген экс-полицей Серік Накимов 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
КТК мәліметінше қылмыскер жәбірленуші тарапқа моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге өтемақы беруге міндеттелді.
Тергеуде экс-полицейдің өз жұбайын асқан қатігездікпен пышақтап өлтіргені толық дәлелденді. Осыған дейін жасалған екі сараптама қорытындысы қылмыс жасалған сәтте Серік Накимов есеңгіреген күйде болды деп шығарған еді. Дегенмен Наурызбай аудандық соты істің бабын өзгертпей, 39 жастағы ер адамды 15 жылға бас бостандығынан айырды.
"Накимов Серік Құрмантайұлы Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтесін және Шаныбек Разия Сәкімқызының пайдасына 10 миллион теңге моральдық өтемақы және 3 миллион теңге өкілдердің қызметіне ақы төлеу шығыны өндірілсін", - деді сот.
Марқұмның жақындары бұған дейін қандықол күйеу баланы өмір бойына соттауды сұраған. Дегенмен бүгінгі сот үкімімен де келісіп отыр.
Дегенмен жәбірленуші тараптың мүддесін қорғаған заңгер Мейірман Шекеев алдағы уақытта апелляциялық сотқа арыз жазылуы мүмкін екенін айтты.
"Бұл үкімге қанағаттанамыз. Себебі: бір емес, екі сараптама тағайындаған кезде оны аффект жағдайда деп шығарып берген. Біз үкімді қазір ғана естідік. Мен жәбірленушімен сөйлесіп, егер моральдық шығынға көңілі толмаса, апелляциялық шағымды сол бөлігінде беруіміз мүмкін", - дейді заңгер.
Жантүршігерлік оқиға осыдан бір жарым жыл бұрын болған. 15 жыл ішкі істер органында қызмет еткен Серік Накимов өз әйелін балаларының көзінше пышақтап өлтірген. Артынша өзін де өлтіруге тырысқан.