https://sputnik.kz/20261105/rudnyyda-200-myn-tengege-bola-tanysyn-oltirgen-er-adam-sottaldy-68249966.html
Рудныйда 200 мың теңгеге бола танысын өлтірген ер адам сотталды
Рудныйда 200 мың теңгеге бола танысын өлтірген ер адам сотталды
Sputnik Қазақстан
Ғимараттың төменгі қабатында болған жасөспірім қанды оқиға туралы полицияға хабар бермеген 05.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-05T12:49+0500
2026-11-05T12:49+0500
2026-11-05T12:49+0500
қостанай облысы
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Қостанай облысында адам өлтіру ісі бойынша Рудный қаласының екі тұрғынына қатысты сот үкімі шықты.Сот мәліметінше, оқиға 2026 жылдың 23 қаңтарына қараған түні болған. Жәбірленуші сотталушыдан 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты талап етуіне байланысты жанжал шыққан.Оқиға кезінде ғимараттың төменгі қабатында болған жасөспірім кісі өлтіру қылмысы жасалғанын білгенімен, полицияға хабар бермеген. Кейін екеуі оқиға орнынан кетіп, Көкшетау қаласында жасырынған.Алқабилердің шешімімен ер адам қасақана кісі өлтіргені үшін, ал жасөспірім ауыр қылмыс туралы полицияға хабарламағаны үшін кінәлі деп танылды.Жаза кесу кезінде ер адамның кінәсін мойындағаны және жәбірленушінің жанжалға себеп болған заңсыз әрекеті ескерілген. Ал жасөспірімнің жасы мен бұрын сотталмағаны жеңілдететін жағдай ретінде қарастырылған.Бұдан бөлек, сот адам өлтірген азаматты марқұмның әкесі мен ағасына моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.
https://sputnik.kz/20261104/almatyda-ayelin-oltirgen-eks-politsey-sottaldy-68202199.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, сот үкімі
қостанай облысы, сот үкімі
Рудныйда 200 мың теңгеге бола танысын өлтірген ер адам сотталды
Ғимараттың төменгі қабатында болған жасөспірім қанды оқиға туралы полицияға хабар бермеген
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Қостанай облысында адам өлтіру ісі бойынша Рудный қаласының екі тұрғынына қатысты сот үкімі шықты.
Сот мәліметінше, оқиға 2026 жылдың 23 қаңтарына қараған түні болған. Жәбірленуші сотталушыдан 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты талап етуіне байланысты жанжал шыққан.
"Ашуға булыққан ер адам жәбірленушіні бірнеше рет пышақтап, ауыр жарақат салған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған", - деп хабарлады облыстық сот.
Оқиға кезінде ғимараттың төменгі қабатында болған жасөспірім кісі өлтіру қылмысы жасалғанын білгенімен, полицияға хабар бермеген. Кейін екеуі оқиға орнынан кетіп, Көкшетау қаласында жасырынған.
Алқабилердің шешімімен ер адам қасақана кісі өлтіргені үшін, ал жасөспірім ауыр қылмыс туралы полицияға хабарламағаны үшін кінәлі деп танылды.
"А. есімді сотталушы 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік түріндегі колонияда өтейді. Кәмелетке толмаған Б. 2 жыл 8 айға сотталды. Ол жазасын жасөспірімдерге арналған мекемеде өтейді", - дейді сот.
Жаза кесу кезінде ер адамның кінәсін мойындағаны және жәбірленушінің жанжалға себеп болған заңсыз әрекеті ескерілген. Ал жасөспірімнің жасы мен бұрын сотталмағаны жеңілдететін жағдай ретінде қарастырылған.
Бұдан бөлек, сот адам өлтірген азаматты марқұмның әкесі мен ағасына моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.