Қазақстан мен Қытай әуе рейстер санын 180-ге дейін арттырады

© Пресс-служба ОАК / Медиабанкке өтуҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2026
Жазылу
Маршруттық желіге Қытайдың тағы екі қаласы – Чэнду мен Қашғарды қосу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Қытай әуе қатынасын одан әрі кеңейту туралы уағдаласты, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Ташкенттегі "Қытай – Орталық Азия" (C5+1) конференциясы аясында Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының авиациялық билік органдары арасында екіжақты келіссөздер өтті.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық әуе қатынасын одан әрі кеңейту перспективаларын, оның ішінде тұрақты рейстер санын арттыру және ұшу бағыттарының географиясын кеңейту мәселелерін талқылады.
"Кездесу қорытындысы бойынша аптасына рұқсат етілген әуе рейстерінің санын 150-ден 180-ге дейін арттыру, сондай-ақ маршруттық желіге Қытайдың тағы екі қаласы – Чэнду мен Қашғарды қосу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Қол жеткізілген келісімдерді іске асыру екі елдің әуе компаниялары үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға, тікелей әуе рейстерінің қолжетімділігін арттыруға, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға және транзиттік тасымал мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді, дейді министрлікте.
Казахстан и Узбекистан договорились об увеличении частоты рейсов между странами - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2026
Қазақстан мен Өзбекстан екі ел арасындағы әуе рейстері санын арттыруға келісті
Жаңалықтар
0