Қазақстан мен Өзбекстан екі ел арасындағы әуе рейстері санын арттыруға келісті

© Photo : Пресс-служба комитета гражданской авиации Казахстан и Узбекистан договорились об увеличении частоты рейсов между странами
Казахстан и Узбекистан договорились об увеличении частоты рейсов между странами - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2026
Жазылу
Алматы, Астана және Ташкент арасындағы әуе рейстерінің апталық санын 60-қа дейін арттыру туралы келісімге қол жеткізілді
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Ташкентте "Қытай – Орталық Азия" (C5+1) азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобы конференциясы аясында Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік өкілдері екіжақты келіссөз өткізді, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Қазақстан делегациясын Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева бастап барды. Өзбекстан тарапынан келіссөзге Көлік министрлігінің Әуе көлігі басқармасының басшысы Джамолиддин Назаров қатысты.
"Алматы – Ташкент және Астана – Ташкент бағыттарының әрқайсысы бойынша аптасына рұқсат етілген рейстер санын 60-қа дейін арттыру туралы келісімге қол жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы басқа бағыттар бойынша рұқсат етілген рейстер санын аптасына 14-тен 20 рейске дейін ұлғайтуға келісті.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар ағынының өсуі, іскерлік және туристік байланыстардың жандануы әуе тасымалына деген сұраныстың артуына ықпал етіп, екі ел арасындағы көлік қатынасын нығайтуға қосымша мүмкіндіктер ашады.
Глава Миннацэкономики Казахстана Серик Жумангарин встретился с федеральным министром по вопросам инвестиций Пакистана Кайсером Ахмед Шейхом - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2026
Қазақстан мен Пәкістан тікелей әуе қатынасын қалпына келтіруді көздеп отыр
Жаңалықтар
0