https://sputnik.kz/20261103/qazaqstan-men-pakistan-tikeley-aue-qatynasyn-qalpyna-keltirudi-kozdep-otyr-68180404.html
Қазақстан мен Пәкістан тікелей әуе қатынасын қалпына келтіруді көздеп отыр
Қазақстан мен Пәкістан тікелей әуе қатынасын қалпына келтіруді көздеп отыр
Sputnik Қазақстан
Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азияны байланыстыратын көлік бағыттарын дамытуға мүдделі 03.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-03T14:30+0500
2026-11-03T14:30+0500
2026-11-03T14:30+0500
қазақстан
пәкістан
әуе қатынасы
әуе тасымалдары
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/03/68178640_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_998ea1b5c87ac1a4754419da2fbfb185.jpg
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесі Алматыда өткен Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екінші Тянь-Шань форумы аясында талқыланды.Бұл мәселе премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің Пәкістанның инвестициялар жөніндегі федералдық министрі Кайсер Ахмед Шейхпен кездесуінде көтерілді, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.Кездесуде тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, инвестиция тарту және көлік-логистика саласындағы байланысты нығайту мәселелерін де талқылады. Атап айтқанда, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауданы ұлғайту әлеуеті 218 тауар позициясы бойынша шамамен 645 млн долларға бағаланып отыр.Сонымен қатар тараптар Қазақстан, Өзбекстан, Ауғанстан және Пәкістан арқылы өтетін CASA теміржол жобасының перспективаларын қарастырды.Форум аясында Серік Жұманғарин Азия даму банкі және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің басшылығымен де кездесіп, Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселелерін талқылады.
https://sputnik.kz/20261027/astanadan-tokioga-zhana-aue-reysi-ashylady-68018972.html
қазақстан
пәкістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/03/68178640_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_464aa21102024225d571aa9bf1e9f092.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, пәкістан, әуе қатынасы, әуе тасымалдары
қазақстан, пәкістан, әуе қатынасы, әуе тасымалдары
Қазақстан мен Пәкістан тікелей әуе қатынасын қалпына келтіруді көздеп отыр
Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азияны байланыстыратын көлік бағыттарын дамытуға мүдделі
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесі Алматыда өткен Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екінші Тянь-Шань форумы аясында талқыланды.
Бұл мәселе премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің Пәкістанның инвестициялар жөніндегі федералдық министрі Кайсер Ахмед Шейхпен кездесуінде көтерілді, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.
"Жұманғарин Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтірудің маңыздылығын атап өтті. Бұл іскерлік, туристік және гуманитарлық байланыстың дамуына септігін тигізеді", - деп жазылған хабарламада.
Кездесуде тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, инвестиция тарту және көлік-логистика саласындағы байланысты нығайту мәселелерін де талқылады. Атап айтқанда, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауданы ұлғайту әлеуеті 218 тауар позициясы бойынша шамамен 645 млн долларға бағаланып отыр.
Сонымен қатар тараптар Қазақстан, Өзбекстан, Ауғанстан және Пәкістан арқылы өтетін CASA теміржол жобасының перспективаларын қарастырды.
Форум аясында Серік Жұманғарин Азия даму банкі және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің басшылығымен де кездесіп, Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселелерін талқылады.