Астанадан Токиоға жаңа әуе рейсі ашылады

© Photo : Пресс-служба Air Astana Астанадан Токиоға жаңа әуе рейсі ашылады
Астанадан Токиоға жаңа әуе рейсі ашылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2026
Жазылу
Air Astana әуе компаниясы 25 қазаннан бастап келесі жылғы 27 наурызға дейін жалғасатын қысқы кестеге көшті
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. "Air Astana" әуе компаниясы қысқы кестеге көшті.Компанияның хабарлауынша, жаңа бағыттар ашылып, танымал курорттық бағыттарға қатынайтын рейстер саны көбейді.
"Air Astana әуе компаниясы 25 қазаннан бастап келесі жылғы 27 наурызға дейін жалғасатын қысқы кестеге көшті. Жаңа күзгі-қысқы маусымда тасымалдаушы Жапонияға тікелей рейстер аша отырып, жаңа экзотикалық бағыттарды ұсына және анағұрлым сұранысқа ие курорттық бағыттарында ұшу жиілігін арттыра отырып, ұшу географиясын едәуір кеңейтеді", - делінген хабарламада.
Маусымның басты оқиғасы 2026 жылғы 30 қарашада басталатын және аптасына екі рет орындалатын Алматы-Токио (Нарита әуежайы) бағыты бойынша тұрақты әуе байланысы болады.
Бұдан басқа, әуе компаниясы Оңтүстік-Шығыс Азия мен Таяу Шығыстағы жайғасымын күшейтіп отыр. 11 желтоқсаннан бастап сейсенбі және жұма күндері Алматыдан күнделікті ұшуларды толықтыратын Астана-Бангкок тікелей рейстері іске қосылады.
Сондай-ақ, кестеге Алматы мен Астанадан Салалаға (Оман) 23 қазаннан бастап жаңа рейстер енгізілді, ал 25 желтоқсаннан аралдық демалысты сүйетіндер Алматыдан Малайзияның Лангкави аралына аптасына үш рет қатынай алады.

"Жаңа бағыттармен бірге Air Astana танымал жағажай бағдарламасын жаңартып, кеңейтеді. Қазан айының соңынан бастап Алматыдан Мальдивке ұшақ аптасына алты рет қатынайды, бұл Жаңа жыл мен Наурыз мерекелері кезінде күнделікті ұшуға дейін ұлғайтылады. Вьетнамның Фукуок аралына рейстер Алматыдан аптасына бес рет және Астанадан аптасына үш рет орындалады", - дейді компания.

Астанадан ұшатын апталық халықаралық рейстердің жалпы саны 99-дан 116-ға дейін өскен.
"2026–2027 жылдардың қысқы маусымында Air Astana халықаралық маршруттық желісін кеңейтіп, Токио, Салала және Лангкави бағыттарын ашады. Мальдив, Пхукет және Дубайға рейстер жиілігін арттыру жолаушыларға қысқы демалыс пен мерекелік сапарларды ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Air Astana коммерциялық жоспарлау және кірісті басқару жөніндегі аға вице-президент Ерболат Байсалыков.
Саяхатшыларға ыңғайлы болу үшін Air Astana еліміздің екі ірі хабынан - Алматы мен Астанадан біршама икемді түйісу кестесін ұсынады.
Алматыға жаңа Air Astana ұшағы келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2026
Алматыға жаңа Air Astana ұшағы келді
Жаңалықтар
0