Қазақстан чемпионаты: 19 жастағы боксшы әлем чемпионын жеңді

© Sputnik / Владислав ВодневБокс қолғабы
Бокс қолғабы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2026
Жазылу
Жетісу облысының өкілі үш раундта да басым түсті
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. 19 жастағы Әділбек Қожахан IBA чемпионын айқын басымдықпен жеңіп, финалға шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда Қожаханға қарсы 29 жастағы Оразбек Асылқұлов шыққан. IBA турнирінде ол әлем чемпионы атанған, биыл Азия чемпионы атағын да иеленді.
Қазақстанның бокс федерациясы жартылай финалдың жекпе-жегінен видео да жариялады. Онда 19 жастағы Қожаханның деңгейі көрініп тұр. Жетісу облысының өкілі үш раундта да басым түсті. Қорытынды есеп – 5:0.
Бұған дейін Қожахан Асылжан Серікбайды, ал ширек финалда 2024 жылғы ел чемпионы Талғат Сырымбетовты жеңіп кеткен.
Тараздағы ел чемпионатының финалдық жекпе-жектері 6 қарашада өтеді.
Боксшы Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2026
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды
Жаңалықтар
0