https://sputnik.kz/20261105/mangystaudagy-tragediya-300-den-astam-adamnan-zhauap-alyndy-68253045.html
Маңғыстаудағы трагедия: 300-ден астам адамнан жауап алынды
Маңғыстаудағы трагедия: 300-ден астам адамнан жауап алынды
Sputnik Қазақстан
14 әскери қызметшінің қазасына қатысты тергеу аяқталуға жақын 05.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-05T13:15+0500
2026-11-05T13:15+0500
2026-11-05T13:15+0500
маңғыстау облысы
әскерилер
тергеу
https://sputnik.kz/img/07ea/09/19/67013373_0:133:2560:1573_1920x0_80_0_0_a16b55ac0b1a999170ddb0196d8e30a7.jpg
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлады Бас прокуратура.Ведомствоның мәліметінше қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін кешенді тергеу әрекеттері жүргізілді.Жақын арада тергеу әрекеттерін аяқтап, қылмыстық процеске қатысушыларды іс материалдарымен таныстыру жоспарланып отыр. Тергеу барысы Бас прокуратураның ерекше бақылауында.Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде метеорологиялық жағдайдың күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан 14 әскери қызметкер көз жұмды, үшеуі құтқарылды. Тергеу барысында қызметке салғырт қарады және кеме жүргізу қағидаларын бұзды деген күдікпен 8 лауазымды тұлға қамауға алынды. Олар – Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, оның бірінші орынбасары мен жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, екі әскери бөлімнің командирлері, теңіз жаяу әскері батальоны мен ротасының командирлері, сондай-ақ катер капитаны.
https://sputnik.kz/20260927/toqaev-kaspiydegi-apattan-aman-qalgan-askerilerdi-marapattady--67078423.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/19/67013373_143:0:2418:1706_1920x0_80_0_0_96f6a6aed5bb86b10dfa6862a1d7eae0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, әскерилер, тергеу
маңғыстау облысы, әскерилер, тергеу
Маңғыстаудағы трагедия: 300-ден астам адамнан жауап алынды
14 әскери қызметшінің қазасына қатысты тергеу аяқталуға жақын
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлады Бас прокуратура.
Ведомствоның мәліметінше қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін кешенді тергеу әрекеттері жүргізілді.
"Қазірге дейін 300-ден астам адамнан жауап алынып, 30-дан астам сот сараптамасы мен зерттеу жүргізілді", - деп жазылған хабарламада.
Жақын арада тергеу әрекеттерін аяқтап, қылмыстық процеске қатысушыларды іс материалдарымен таныстыру жоспарланып отыр. Тергеу барысы Бас прокуратураның ерекше бақылауында.
Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде метеорологиялық жағдайдың күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан 14 әскери қызметкер көз жұмды, үшеуі құтқарылды. Тергеу барысында қызметке салғырт қарады және кеме жүргізу қағидаларын бұзды деген күдікпен 8 лауазымды тұлға қамауға алынды. Олар – Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, оның бірінші орынбасары мен жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, екі әскери бөлімнің командирлері, теңіз жаяу әскері батальоны мен ротасының командирлері, сондай-ақ катер капитаны.