https://sputnik.kz/20260927/toqaev-kaspiydegi-apattan-aman-qalgan-askerilerdi-marapattady--67078423.html
Тоқаев Каспийдегі апаттан аман қалған әскерилерді марапаттады
Тоқаев Каспийдегі апаттан аман қалған әскерилерді марапаттады
Sputnik Қазақстан
24 қыркүйекте Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болып, Каспий теңізіндегі ашық оқу-жаттығулар кезінде 17 әскери қызметкер суға кетіп, 14-і көз жұмды, үшеуі... 27.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-27T13:12+0500
2026-09-27T13:12+0500
2026-09-27T13:55+0500
президент
маңғыстау облысы
әскери қызметкер
https://sputnik.kz/img/07ea/04/17/62886307_0:132:1280:852_1920x0_80_0_0_9b0c7e0e72af09f3b03f1a08732f9541.jpg
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Каспийдегі апаттан аман қалған әскерилерді марапаттады, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметші "Ерлігі үшін" медалімен марапатталғандар:Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болды. Каспий теңізіндегі ашық оқу-жаттығулар кезінде 17 әскери қызметкер суға кетіп, 14-і көз жұмды, үшеуі аман қалды.Күні кеше Қорғаныс министрлігін кешенді тексеру жөніндегі комиссия құрылды. Бұған дейін әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Қорғаныс министрлігінің бес лауазымды тұлғасы ұсталды.Президент бүгін Дәурен Қосановты қорғаныс министрі лауазымынан босатты. Оның орнына Айдос Мырзахметов басшы болып келді.
https://sputnik.kz/20260927/mangystau-oblysynda-qaza-tapqan-askeri-qyzmetshiler-memlekettik-nagradalarmen-marapattaldy-67077040.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/17/62886307_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_869700626e3f47035517688451254f51.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, маңғыстау облысы, әскери қызметкер
президент, маңғыстау облысы, әскери қызметкер
Тоқаев Каспийдегі апаттан аман қалған әскерилерді марапаттады
13:12 27.09.2026 (жаңартылды: 13:55 27.09.2026) 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болып, Каспий теңізіндегі ашық оқу-жаттығулар кезінде 17 әскери қызметкер суға кетіп, 14-і көз жұмды, үшеуі аман қалды
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Каспийдегі апаттан аман қалған әскерилерді марапаттады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметші "Ерлігі үшін" медалімен марапатталғандар:
Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
Темірхан Ақжол Тимурұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
Удалов Никита Александрович – 29011 әскери бөлімінің маманы (санитариялық нұсқаушысы).
Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болды. Каспий теңізіндегі ашық оқу-жаттығулар кезінде 17 әскери қызметкер суға кетіп, 14-і көз жұмды, үшеуі аман қалды.
Күні кеше Қорғаныс министрлігін кешенді тексеру жөніндегі комиссия құрылды. Бұған дейін әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Қорғаныс министрлігінің бес лауазымды тұлғасы ұсталды.
Президент бүгін Дәурен Қосановты қорғаныс министрі лауазымынан босатты. Оның орнына Айдос Мырзахметов басшы болып келді.