Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

© Пресс-служба акимата Мангистауской областиМаңғыстау облысында әскери қызметкерлерді іздеу шаралары
Маңғыстау облысында әскери қызметкерлерді іздеу шаралары - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2026
Жазылу
24 қыркүйекте Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болды. Каспий теңізіндегі ашық оқу-жаттығулар кезінде 17 әскери қызметкер суға кетіп, 14-і көз жұмды, үшеуі аман қалды
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды", - деп жазылған хабарламада.
Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:
Мұхтарұлы Олжас – 29011 әскери бөлімі взводының командирі.
Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:
1.
Аяпберген Сержан Талғатұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
2.
Бегей Дастан Нұрболұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
3.
Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
4.
Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
5.
Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
6.
Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
7.
Жаңабай Әсет Саматұлы – 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеушісі);
8.
Көбенов Алмас Жүсіпұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
9.
Мәдіхан Азамат Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);
10.
Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
11.
Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (оқшашар атқыштың көмекшісі);
12.
Төлеген Ақылбек Қабденұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
13.
Тұрдыбекұлы Мирас – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы).
Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болды. Каспий теңізіндегі ашық оқу-жаттығулар кезінде 17 әскери қызметкер суға кетіп, 14-і көз жұмды, үшеуі аман қалды.
Күні кеше Қорғаныс министрлігін кешенді тексеру жөніндегі комиссия құрылды. Бұған дейін әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Қорғаныс министрлігінің бес лауазымды тұлғасы ұсталды.
Президент бүгін Дәурен Қосановты қорғаныс министрі лауазымынан босатты. Оның орнына Айдос Мырзахметов басшы болып келді.
Қорғаныс министрлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2026
Жаңа қорғаныс министрі тағайындалды
Жаңалықтар
0