Иордания королі Al-Farabi орденінің алғашқы иегері атанды

© Пресс-служба президента КазахстанаТокаев и король Иордании обменялись высшими государственными наградами
Токаев и король Иордании обменялись высшими государственными наградами - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2026
Жазылу
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Иордания королі II Абдалланы Al-Farabi орденімен марапаттады, деп хабарлады Ақорда.
II Абдалланы аталған мәртебелі марапаттың алғашқы иегері болып отыр.
"Мұны тарихи уақиға деп санаймыз. Осы жоғары награданы Қазақстанның Сізге деген риясыз құрметінің белгісі ретінде қабыл алыңыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өз кезегінде Король II Абдалла Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Иордан Хашимит Корольдігінің жоғары мемлекеттік наградасы – al-Hussain ibn Ali орденімен марапаттады.
"Бұл Қазақстан мен Иордания арасындағы байланыстардың тығыз әрі дәйекті түрде нығайып келе жатқанын айғақтайды. Сіздің екіжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету ниетіңізді жоғары бағалаймын", – деді мемлекет басшысы.
Бүгін Иордания королі Қазақстанға ресми сапармен келді. 6 қарашада Астанада Акаба процесінің халықаралық саммиті өтеді. Оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания Королі II Абдалла төрағалық етеді.
Қазақстан президенті Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнмен келіссөз жүргізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2026
Иордания Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді серіктесі - Тоқаев
Жаңалықтар
0