https://sputnik.kz/20261105/iordaniyany-qazaqstannyn-arab-alemindegi-senimdi-seriktesi---toqaev-68261170.html
Иордания Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді серіктесі - Тоқаев
Иордания Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді серіктесі - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы екі елдің халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешу тәсілдері ұқсас екеніне назар аударды 05.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-05T18:06+0500
2026-11-05T18:06+0500
2026-11-05T18:08+0500
президент
иордания
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/05/68260803_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_7da5c2a5b891b41d2b5b05aee47f5b3b.jpg
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнмен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда.Келіссөз аясында мемлекет басшысы Иорданияны Қазақстанның араб әлеміндегі уақыт тезінен өткен сенімді серіктесі деп атап, былтыр екіжақты қарым-қатынас үшін ерекше кезең болғанын айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан өзара мүддеге сай барлық салада қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыруға баса мән беретініне тоқталды.Мемлекет басшысы екі елдің халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешу тәсілдері ұқсас екеніне назар аударып, Иордания Королінің достық байланыстарды нығайтып, қос халықты жақындастыруға қосқан үлесін жоғары бағалады.Өз кезегінде Король ІІ Абдалла Ақаба процесі аясындағы кездесулердің жаңа раундын бірлесе ұйымдастырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, бұл екі елдің қауіпсіздік саласындағы өңірлік және жаһандық сын-қатерлерді шешуге бейілдігін көрсетеді.Осы орайда, Иордания Королі өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ терроризм мен экстремизмге қарсы күрес ісінде Қазақстанмен ықпалдастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады.
https://sputnik.kz/20261105/iordaniya-koroli-ii-abdalla-qazaqstanga-resmi-saparmen-keldi-68256373.html
иордания
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/05/68260803_29:0:1208:884_1920x0_80_0_0_8564fc7bfda7fead4b509eb8ff0934f4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, иордания, қазақстан
президент, иордания, қазақстан
Иордания Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді серіктесі - Тоқаев
18:06 05.11.2026 (жаңартылды: 18:08 05.11.2026) Мемлекет басшысы екі елдің халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешу тәсілдері ұқсас екеніне назар аударды
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнмен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда.
Келіссөз аясында мемлекет басшысы Иорданияны Қазақстанның араб әлеміндегі уақыт тезінен өткен сенімді серіктесі деп атап, былтыр екіжақты қарым-қатынас үшін ерекше кезең болғанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан өзара мүддеге сай барлық салада қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыруға баса мән беретініне тоқталды.
Мемлекет басшысы екі елдің халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешу тәсілдері ұқсас екеніне назар аударып, Иордания Королінің достық байланыстарды нығайтып, қос халықты жақындастыруға қосқан үлесін жоғары бағалады.
"Қазақстан өзіңіз он жылдан аса уақыт бұрын бастаған Ақаба процесін жоғары бағалайды. Мұндай форматтағы кездесуге Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырушылардың бірі ретінде қатысу – біз үшін үлкен мәртебе. Сессия бүгінде аса өзекті саналатын жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік тақырыбына арналып отыр. Саммит Орталық Азия өңірінің ұстанымын білдіріп, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі бірлескен күш-жігерімізге тың серпін сыйлайтынына сенімдімін", – деді Тоқаев.
Өз кезегінде Король ІІ Абдалла Ақаба процесі аясындағы кездесулердің жаңа раундын бірлесе ұйымдастырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, бұл екі елдің қауіпсіздік саласындағы өңірлік және жаһандық сын-қатерлерді шешуге бейілдігін көрсетеді.
Осы орайда, Иордания Королі өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ терроризм мен экстремизмге қарсы күрес ісінде Қазақстанмен ықпалдастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады.