Жаңа әуежайлар бірден жолаушыларға қызмет көрсетпейді – Нәлібаев себебін түсіндірді

© Sputnik / Санат ИмангалиевНурлыбек Налибаев
Нурлыбек Налибаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2026
Жазылу
Келесі туристік маусымға дейін үш жаңа әуежай толығымен іске қосылады
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Биыл пайдалануға берілетін жаңа әуежайлар келесі жылы ғана жолаушыларға қызмет көрсете бастайды. Бұл туралы вице-премьер Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің жоспарына сәйкес, Зайсан мен Кендірлі әуежайларының құрылысы жыл соңына дейін, ал Қатонқарағай әуежайы келесі жылдың ақпан айында пайдалануға беріледі.
"Бірақ бұл жерде айта кету керек, ертең құрылысы аяқталғаннан кейін әлі құжаттарын рәсімдеуіміз керек, лицензиялар алу қажет. Сондықтан жаңа әуежайлар жолаушыларға және әуе көліктеріне келесі жылдың жартыжылдығында қызмет көрсете бастайды", - деді Нәлібаев үкіметтегі брифингте.
Вице-премьердің айтуынша, келесі туристік маусымға дейін үш жаңа әуежай толығымен іске қосылады.
Айта кетері, президент биылғы жолдауында Астанадағы жаңа әуежайдың құрылысын бастауды тапсырған болатын.
Астана - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2026
Астанадағы жаңа әуежай қай елдің қатысуымен салынатыны белгілі болды
Жаңалықтар
0