https://sputnik.kz/20261104/tekelide-ekskavator-oqushyny-basyp-ketti--zhurgizushi-qamauga-alyndy-68221138.html
Текеліде экскаватор оқушыны басып кетті – жүргізуші қамауға алынды
Текеліде экскаватор оқушыны басып кетті – жүргізуші қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Әлеуметтік желіде тараған видеода үш адамның жол қиылысында тұрғаны анық көрінеді 04.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-04T16:27+0500
2026-11-04T16:27+0500
2026-11-04T16:49+0500
оқушы
экскаватор
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16004288_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_5929a5422a51caef754f8b9740849081.jpg
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Текелі қаласында экскаватор мектеп оқушысын басып кетті. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әлеуметтік желіде тараған видеода үш адамның жол қиылысында тұрғаны анық көрінеді. Велосипед мінген бала өтіп кеткен. Оның артынан рюкзак асынған қыз ілескен. Сол кезде оны шөміші бар экскаватор екі доңғалағымен басып өткен. Үшінші адам жолдан өтіп үлгермеді.Жетісу облыстық полиция ұсынған ақпаратқа сәйкес, адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталады.
https://sputnik.kz/20260903/qaragandy-oblysynda-adamdy-poyyz-basyp-ketti-66356128.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16004288_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_0206fd9ab834dc039b1eb644afbe7229.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, экскаватор, қылмыс
оқушы, экскаватор, қылмыс
Текеліде экскаватор оқушыны басып кетті – жүргізуші қамауға алынды
16:27 04.11.2026 (жаңартылды: 16:49 04.11.2026) Әлеуметтік желіде тараған видеода үш адамның жол қиылысында тұрғаны анық көрінеді
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Текелі қаласында экскаватор мектеп оқушысын басып кетті. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде тараған видеода үш адамның жол қиылысында тұрғаны анық көрінеді. Велосипед мінген бала өтіп кеткен. Оның артынан рюкзак асынған қыз ілескен. Сол кезде оны шөміші бар экскаватор екі доңғалағымен басып өткен. Үшінші адам жолдан өтіп үлгермеді.
Жетісу облыстық полиция ұсынған ақпаратқа сәйкес, адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Volvo маркалы экскаватордың жүргізушісі қиылыста жаяу жүгіншілер жолағында кәмелет жасқа толмаған қызды басып кеткен. Ол алған жарақатынан қайтыс болды. Техника жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталады.