Қарағанды облысында адамды пойыз басып кетті

Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Жазылу
Теміржол көлігінің қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
АЛМАТЫ, 3 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында адамды пойыз басып кетті, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 1 қыркүйекте болған.
"Қарағанды – Сортировочный" станциясындағы көліктегі полиция басқармасы абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған теміржол көлігінің қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады", – делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.
Рельстер - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2026
Жағдайы ауыр: Жамбыл облысында әйелді пойыз басып кетті
Жаңалықтар
0