https://sputnik.kz/20261104/shymkentte-sportshyny-uryp-oltirgender-sottaldy-68232744.html
Шымкентте спортшыны ұрып өлтіргендер сотталды
Шымкентте спортшыны ұрып өлтіргендер сотталды
Sputnik Қазақстан
Олар пышақ пен тапанша қолданып, Колесниковпен бірге екі жолдасын соққыға жыққан 04.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-04T19:57+0500
2026-11-04T19:57+0500
2026-11-04T19:57+0500
шымкент
қылмыстық топ
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_8a03a5e84d188cc6fbe8241a28981486.jpg
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Шымкентте 40 жастағы балуанды ұрып өлтіргендерге қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Сот материалдарына сәйкес, 20 қаңтарда алты сотталушы және тергеу барысында анықталмаған өзге де тұлғалар алдын ала сөз байласып, жәбірленуші Василий Колесников отырған көлікті әдейі соққан. Одан кейін пышақ пен тапанша қолданып, Колесниковпен бірге екі жолдасын соққыға жыққан.Сол кезде сотталушылардың біреуі жәбірленушінің бірінің кеуде тұсына пышақ сұғып, денсаулығына ауыр зиян келтірген. Онымен қоймай, Колесниковты көлікке күштеп отырғызып, Қайнар ауылы аумағына алып барған. Ол жерде оның басына және денесінің басқа да бөліктеріне доғал және өткір заттармен көптеген соққы жасап, аса қатыгездікпен өлтірген.Барлық сотталушының кінәсі дәлелдеді. Прокурор оларды 22-24 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.Сот үкімімен олардың бірі 23 жылға, екеуі 22 жылға, тағы екеуі сәйкесінше 21 және 20 жылға, сонымен қатар тағы біреуі 20 жыл 6 айға сотталды.Бұдан бөлек, сотталушылардан ауыр жарақат алған жәбіренушінің пайдасына 10 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы, сондай-ақ, адвокаттың қызметіне жұмсалған 4 млн теңге өндірілді.Жәбірленуші тараптың адвокаты Талғат Есімов айтуынша, бүгінде тағы екі күдікті іздеуде жүр.
https://sputnik.kz/20261104/almatyda-ayelin-oltirgen-eks-politsey-sottaldy-68202199.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_2f479df69fc3c0eb32e28fd83512ed33.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, қылмыстық топ, сот үкімі
шымкент, қылмыстық топ, сот үкімі
Шымкентте спортшыны ұрып өлтіргендер сотталды
Олар пышақ пен тапанша қолданып, Колесниковпен бірге екі жолдасын соққыға жыққан
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Шымкентте 40 жастағы балуанды ұрып өлтіргендерге қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Сот материалдарына сәйкес, 20 қаңтарда алты сотталушы және тергеу барысында анықталмаған өзге де тұлғалар алдын ала сөз байласып, жәбірленуші Василий Колесников отырған көлікті әдейі соққан. Одан кейін пышақ пен тапанша қолданып, Колесниковпен бірге екі жолдасын соққыға жыққан.
Сол кезде сотталушылардың біреуі жәбірленушінің бірінің кеуде тұсына пышақ сұғып, денсаулығына ауыр зиян келтірген. Онымен қоймай, Колесниковты көлікке күштеп отырғызып, Қайнар ауылы аумағына алып барған. Ол жерде оның басына және денесінің басқа да бөліктеріне доғал және өткір заттармен көптеген соққы жасап, аса қатыгездікпен өлтірген.
Барлық сотталушының кінәсі дәлелдеді. Прокурор оларды 22-24 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сот үкімімен олардың бірі 23 жылға, екеуі 22 жылға, тағы екеуі сәйкесінше 21 және 20 жылға, сонымен қатар тағы біреуі 20 жыл 6 айға сотталды.
Бұдан бөлек, сотталушылардан ауыр жарақат алған жәбіренушінің пайдасына 10 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы, сондай-ақ, адвокаттың қызметіне жұмсалған 4 млн теңге өндірілді.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Талғат Есімов айтуынша, бүгінде тағы екі күдікті іздеуде жүр.