Қазақстанға екі елдің президенті ресми сапармен келеді

© Sputnik / Санат ИмангалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2026
Жазылу
6 қараша күні Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді.
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Қазақстанға осы аптада екі елдің президенті ресми сапармен келеді.

Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадиярдың хабарлауынша, 5-6 қараша күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Иордан Хашимит корольдігінің королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланады.

5-7 қараша күндері Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келеді.

Екі елдің көшбасшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту мәселелерін қарастырады.

6 қараша күні Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді. Жиынға бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады.
Касым-Жомарт Токаев прибыл в Турцию с официальным визитом - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
Жаңалықтар
0