Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев прибыл в Турцию с официальным визитом
Касым-Жомарт Токаев прибыл в Турцию с официальным визитом - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
Жазылу
Мемлекет басшысын Режеп Тайип Ердоған күтіп алды
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысын Анкара қаласындағы Этимесгут әуежайынан Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған күтіп алды", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан президентінің келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.
Бұған дейін Тоқаевтың баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөз жүргізетінін хабарлаған болатын.

Сондай-ақ Қазақстан президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.
Қазақстан мен Түркия президенттері - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2026
Тоқаев осы аптада Түркияға келеді деп күтіп отырмыз - Ердоған
Жаңалықтар
0