Қазақстан елшілігі ресейліктерді Халық бірлігі күнімен құттықтады

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуВиды Москвы
Виды Москвы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2026
Жазылу
4 қарашада Ресейдегі басты мерекелердің бірі атап өтіледі
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшілігі 4 қарашада аталып өтетін Халық бірлігі күнімен ресейліктерді құттықтады.
"Біздің еліміз Ресеймен достық, тату көршілік қарым-қатынасты жоғары бағалайды. Бұл байланыстар стратегиялық әріптестік пен одақтастық рухында тұрақты дамып келеді. Ресей халқына зор денсаулық, өркендеу мен бақ-береке тілейміз!" – деп жазылған елшіліктің құттықтау хабарламасында.
Бұл мереке 2004 жылғы желтоқсанда Ресейдің Дінаралық кеңесінің бастамасымен бекітілді. Елде алғаш рет 2005 жылғы 4 қарашада аталып өтті.
Тарихи тұрғыдан алғанда, Халық бірлігі күні кеңестік мереке – Келісім мен татуласу күнінің орнын басты. Ол 7 қарашада аталып өтетін.
Флаг Казахстана нарисованный на грузовике - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2026
Қазақстан мен Ресей электронды жүкқұжат арқылы жүк тасымалдауды сынақтан өткізеді
Жаңалықтар
0