https://sputnik.kz/20261014/qazaqstan-men-resey-elektrondy-zhukquzhat-arqyly-zhuk-tasymaldaudy-synaqtan-otkizedi-67564245.html
Қазақстан мен Ресей электронды жүкқұжат арқылы жүк тасымалдауды сынақтан өткізеді
Қазақстан мен Ресей электронды жүкқұжат арқылы жүк тасымалдауды сынақтан өткізеді
Sputnik Қазақстан
Эксперименттің алғашқы нәтижелерін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі 2026 жылғы желтоқсанда қарайды 14.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-14T14:00+0500
2026-10-14T14:00+0500
2026-10-14T14:00+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071269_0:32:2950:1691_1920x0_80_0_0_14d7b96b01a117b701cb097df8a76348.jpg
АСТАНА, 14 қазан — Sputnik. 15 қазанда Қазақстан мен Ресей e-CMR электронды халықаралық жүкқұжатын пайдалану арқылы алғашқы сынақ тасымалын өткізеді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады.Сынақ тасымалы Қазақстанның Көлік апталығы аясында ұйымдастырылады. Бұл – Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) халықаралық жүк тасымалындағы қағаз құжаттарды электронды форматқа көшіру жобасының алғашқы тәжірибелік кезеңі.e-CMR жүйесінің негізгі артықшылықтары:Жоба 2024 жылғы желтоқсанда басталған. Алғашқы рейстің қорытындысы бойынша жүйені одақтың басқа бағыттарына да енгізу жоспарланып отыр. Эксперименттің алғашқы нәтижелерін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі 2026 жылғы желтоқсанда қарайды.e-CMR жүйесінің сынақтан сәтті өтуі ЕАЭО елдері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалында қағаз құжаттардан бас тартуға және жүк рәсімдеу процесін жеңілдетуге жол ашады.
https://sputnik.kz/20261009/eaeo-elderi-enbek-koshi-qony-zhane-enbekkerlerdi-aleumettik-qorgau-maselelerin-talqylady-67423370.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071269_122:0:2851:2047_1920x0_80_0_0_e400788a31f90967198cb06b1ae32573.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Қазақстан мен Ресей электронды жүкқұжат арқылы жүк тасымалдауды сынақтан өткізеді
Эксперименттің алғашқы нәтижелерін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі 2026 жылғы желтоқсанда қарайды
АСТАНА, 14 қазан — Sputnik. 15 қазанда Қазақстан мен Ресей e-CMR электронды халықаралық жүкқұжатын пайдалану арқылы алғашқы сынақ тасымалын өткізеді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады.
Сынақ тасымалы Қазақстанның Көлік апталығы аясында ұйымдастырылады. Бұл – Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) халықаралық жүк тасымалындағы қағаз құжаттарды электронды форматқа көшіру жобасының алғашқы тәжірибелік кезеңі.
e-CMR жүйесінің негізгі артықшылықтары:
Тексеру рәсімдерін жеделдету: жүк жөнелтуші, тасымалдаушы және алушы арасында ақпарат бірден беріледі. Шекарадағы тексеру де жылдамдайды.
Шығынды азайту: кәсіпкерлер мен бақылаушы органдардың құжат рәсімдеуге және жүк тасымалдауға жұмсайтын шығыны қысқарады.
Қауіпсіздікті арттыру: қағаз құжаттардың жоғалу немесе бүліну қаупі азаяды. Жүктің мәртебесін нақты уақыт режимінде бақылауға болады.
Жоба 2024 жылғы желтоқсанда басталған. Алғашқы рейстің қорытындысы бойынша жүйені одақтың басқа бағыттарына да енгізу жоспарланып отыр. Эксперименттің алғашқы нәтижелерін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі 2026 жылғы желтоқсанда қарайды.
e-CMR жүйесінің сынақтан сәтті өтуі ЕАЭО елдері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалында қағаз құжаттардан бас тартуға және жүк рәсімдеу процесін жеңілдетуге жол ашады.