Видео

Полицей формасын хэллоуин киіміне балаған Алматы тұрғынына ірі көлемде айыппұл салынды

© Photo : Polisia.kzПолицей формасы
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2026
Жазылу
Оқиға Арбат жаяу жүргіншілер көшесінде болған
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Полицей формасын хэллоуин киіміне балаған алматылық әйелге ірі көлемде айыппұл салынды.
Полиция мәліметінше, әйел қызметтік міндетін атқарып жүрген полицейге қатысты арандатушылық әрекет жасаған.
Оқиға Арбат жаяу жүргіншілер көшесінде болған.
Полицейге қолына камера ұстаған әйел келіп, формасы "Хэллоуин костюмі емес пе?" деп сұрақ қойған. Бұл видео желіде тарап, қызу талқыға салынды.
Ресми ақпаратқа сәйкес, 47 жастағы әйелге 129 750 мың мөлшерінде айыппұл салынды.
Тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2026
Қызылордада кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқан басқарма басшысы айыппұл төлейтін болды
Жаңалықтар
0