Қызылордада кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқан басқарма басшысы айыппұл төлейтін болды

Тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2026
Жазылу
Дәл осындай айыппұл бас маманға да тағайындалды
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Қызылордада кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқан басқарма басшысы айыппұл төлейтін болды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Атап Анықталғандай жедел ден қою шарасын прокуратура органдарымен алдын ала келіспей қолданған. Бұл ретте тиісті шешім келісуге оны қабылдағаннан кейін ғана жолданған.
Прокуратура жүргізген тексеру нәтижесінде шешімнің негізсіздігіне байланысты оны келісуден бас тартылды.
Анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында қала прокуратурасы Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне прокурорлық қадағалау актісін енгізді. Аталған актіні қарау нәтижесінде инвесторға қатысты заңсыз қолданылған жедел ден қою шарасының күші жойылды.
"Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін қалалық басқарманың басшысы мен бас маманы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Олардың әрқайсысына 432 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.
Инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндезаңдылықты қамтамасыз ету прокуратура органдары қызметінің басым бағыттары болып табылады, дейді прокурорлар.
IT-специалист за работой - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2026
Жұмысқа кешіккені үшін қызметкерге айыппұл салуға бола ма
Жаңалықтар
0