Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

© Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"Новую цифровую платформу на НПЗ внедряет "КазМунайГаз"
Новую цифровую платформу на НПЗ внедряет КазМунайГаз - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2026
Жазылу
Бүгінде Қазақстанда Атырау, Павлодар мен Шымкентте ірі мұнай өңдеу зауыттары бар
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Аққенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жаңа зауыттың қуаты орташа болады. Қуаты – 2 млн тонна.
"Орташа тонналы зауыт ішкі сұранысты өтеп қана қоймай, Орталық Азия елдеріне де өнім сатады. Қазіргі кезде жанар-жағармай жеткізу жағынан іркілістер бар. Оны бәріміз көріп отырмыз. Осындай жағдайда біз ресурсы бар мемлекет ретінде көршілерге қажетті өнімді жеткізе аламыз", - деді Аққенженов.
Министрдің айтуынша, жаңа жобаның құрылысы екі жылда аяқталады. Зауыт бензин ғана емес, керосин де шығаратын болатын.
Айта кетері, бүгінде Қазақстанда Атырау, Павлодар мен Шымкентте ірі мұнай өңдеу зауыттары бар. Әрбіреуі жылына 5-6 млн тонна өнім шығара алады. Ақтөбе облысындағы шағын зауыттан бөлек тағы бір ірі зауыт салынады. Қазіргі кезде оның орналасу жері пысықталып жатыр.
Добыча нефти  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2026
Экономика
Мұнай бағасы экономикаға оң әсер етіп отыр – "ҚазМұнайГаз" басшысы
Жаңалықтар
0