Жұмыс істеу үшін шетелге шығатын қазақстандықтарды тіркеу енгізіледі

© Sputnik/Ертай СарбасовӘуежай
Әуежай - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2026
Жазылу
Тіркеу және бақылау механизмін 2027 жылдың екінші тоқсанында енгізу жоспарланып отыр
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Еңбекті қанау мен адам саудасының алдын алу үшін шетелге шығатын жұмысшыларды тіркеу енгізіледі, деп хабарлады Үкімет.
Тіркеу және бақылау механизмін 2027 жылдың екінші тоқсанында енгізу жоспарланып отыр.
Ішкі істер министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерін тексеріп, интернеттегі адам саудасына ықпал етуі мүмкін хабарландыруларды анықтайды. Мұндай хабарламаларға қолжетімділік "Кибербақылау" жүйесі арқылы немесе сот шешімімен шектелуі мүмкін.
Тағы бір шара - мектеп, аурухана және әлеуметтік қызмет қызметкерлерін оқыту. Оларға нәресте саудасы мен заңсыз асырап алу жағдайларын қалай анықтау керектігі үйретіледі.
Зардап шеккендерге дағдарыс орталықтарында көмек көрсетіледі.
Бұл шаралар үкіметтің 2027-2029 жылдарға арналған адам саудасына қарсы күрес жоспарына енгізілген.
Алаяқтықпен айналысқан колл-орталық - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2026
Шетелде орналасқан 12 алаяқтық колл-орталықтың қызметі әшкереленді - бас прокурор
Жаңалықтар
0