https://sputnik.kz/20260818/shetelde-ornalasqan-12-alayaqtyq-koll-ortalyqtyn-qyzmeti-ashkerelendi---bas-prokuror-65789051.html
Шетелде орналасқан 12 алаяқтық колл-орталықтың қызметі әшкереленді - бас прокурор
Шетелде орналасқан 12 алаяқтық колл-орталықтың қызметі әшкереленді - бас прокурор
Sputnik Қазақстан
Сонымен қатар Ұлттық Банктің Антифрод-орталығы арқылы 2,9 млрд теңгеден астам сомаға алаяқтық транзакциялар бұғатталды 18.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-18T10:12+0500
2026-08-18T10:12+0500
2026-08-18T11:08+0500
бас прокуратура
алаяқтық
қылмыстық топ
https://sputnik.kz/img/07e9/03/10/51632826_0:32:1065:631_1920x0_80_0_0_f19910180cbec039c8c10208fcd9bed4.jpg
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Бас прокурор Берік Асылов құқық қорғау органдарының жұмыс тәсілдері қылмысқа ден қоюмен шектелмей, қауіп-қатердің алдын алу арқылы өзгеріп жатқанын мәлімдеді.Мәселен, Ішкі істер министрлігі және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жасанды интеллект пен ұшқышсыз технологияларды қолдану арқылы азаматтарға қылмыстық қол сұғу ықтималдығы жоғары 360-тан астам қауіпті локация анықталды.Ал "Кибернадзор" жүйесі есірткіні насихаттау белгілері бар 10 мың материалды, оның ішінде 6 мыңнан астам есірткі дүкенін бұғаттады.Бас прокурордың мәліметінше, соңғы жылдары алғаш рет интернет-алаяқтықтың өсу үрдісін өзгертуге қол жеткізілді - олардың саны 9%-ға төмендеді."Құқық қорғау органдары мен "Қазақтелеком" АҚ-ның бірлескен күш-жігерімен миллионнан астам күдікті қоңырау тоқтатылып, шетелде орналасқан 12 алаяқтық колл-орталықтың қызметі әшкереленді", - деді Берік Асылов.Сонымен қатар Ұлттық Банктің Антифрод-орталығы арқылы 2,9 млрд теңгеден астам сомаға алаяқтық транзакциялар бұғатталды.
https://sputnik.kz/20260730/uqk-alayaqtyq-zhasady-degen-kudikpen-ontustik-koreyanyn-14-azamatyn-ustady-65345384.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/10/51632826_93:0:974:661_1920x0_80_0_0_760e386fc9b0d56da400aba22e582602.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, алаяқтық, қылмыстық топ
бас прокуратура, алаяқтық, қылмыстық топ
Шетелде орналасқан 12 алаяқтық колл-орталықтың қызметі әшкереленді - бас прокурор
10:12 18.08.2026 (жаңартылды: 11:08 18.08.2026) Сонымен қатар Ұлттық Банктің Антифрод-орталығы арқылы 2,9 млрд теңгеден астам сомаға алаяқтық транзакциялар бұғатталды
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Бас прокурор Берік Асылов құқық қорғау органдарының жұмыс тәсілдері қылмысқа ден қоюмен шектелмей, қауіп-қатердің алдын алу арқылы өзгеріп жатқанын мәлімдеді.
Мәселен, Ішкі істер министрлігі және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жасанды интеллект пен ұшқышсыз технологияларды қолдану арқылы азаматтарға қылмыстық қол сұғу ықтималдығы жоғары 360-тан астам қауіпті локация анықталды.
"Бұл жерлерде полицияның патрульдеуі күшейтіліп, 4 мыңға жуық жаңа жарықтандыру нүктесі және 3,5 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылды. Мұндай тәсіл өз нәтижесін беріп отыр. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елдегі қылмыс деңгейі 11%-ға төмендеді. Адам өлтіру, қарақшылық, тонау, қорқытып алушылық, ұрлық және көшелерде жасалатын қылмыстар азайды", - деп жазды Асылов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ал "Кибернадзор" жүйесі есірткіні насихаттау белгілері бар 10 мың материалды, оның ішінде 6 мыңнан астам есірткі дүкенін бұғаттады.
Бас прокурордың мәліметінше, соңғы жылдары алғаш рет интернет-алаяқтықтың өсу үрдісін өзгертуге қол жеткізілді - олардың саны 9%-ға төмендеді.
"Құқық қорғау органдары мен "Қазақтелеком" АҚ-ның бірлескен күш-жігерімен миллионнан астам күдікті қоңырау тоқтатылып, шетелде орналасқан 12 алаяқтық колл-орталықтың қызметі әшкереленді", - деді Берік Асылов.
Сонымен қатар Ұлттық Банктің Антифрод-орталығы арқылы 2,9 млрд теңгеден астам сомаға алаяқтық транзакциялар бұғатталды.