ҰҚК алаяқтық жасады деген күдікпен Оңтүстік Кореяның 14 азаматын ұстады

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2026
Жазылу
Ұсталғандар процестік іс-әрекеттер жүргізу және одан әрі депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Алаяқтықпен айналысқан колл-орталықтар әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
23 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Корея Республикасының 14 азаматын ұстады.

"Оларға қатысты Корея елінің құқық қорғау органы телекоммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, алаяқтық әрекеттер жасау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр", - дейді комитетте.

Күдіктілердің тұрғылықты жерлерін тінту кезінде заңсыз әрекетте қолданылған компьютерлік техника, ұялы телефондар мен ноутбуктер табылды.
Ұсталғандар процестік іс-әрекеттер жүргізу және одан әрі депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ақтауда есірткіні асқазанына салып өткізбек болған шетел азаматы ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2026
Ақтауда есірткіні асқазанына салып өткізбек болған шетел азаматы ұсталды
Жаңалықтар
0