Ташкентте қазақстандық футболшылар астан уланды – прокурорлар қылмыстық іс қозғады

© Pixabay / Andy03Футбольный мяч
Футбольный мяч - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2026
Жазылу
Ал Чиланзар аудандық ішкі істер басқармасы тергеу шараларын бастады
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Өзбекстанның бас прокуратурасы Ташкентке барған қазақстандық футболшылардың тамақтан улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, футбол турниріне қатысу үшін келген 20 бала және олардың туыстары 1 қарашада Ташкенттегі қонақ үйде таңғы асқа шала пісірілген жұмыртқа мен шұжық жеген.
"Сол күні олардың 13-інде құсу, іш өту, іштің ауыруы және дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер байқалған. Осыдан кейін олар жедел жәрдем көлігімен эпидемиология, микробиология, жұқпалы және паразиттік аурулар жөніндегі республикалық мамандандырылған ғылыми-тәжірибелік медициналық орталыққа жеткізілді", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде Чиланзар аудандық прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 276-бабы (санитариялық заңнаманы немесе эпидемияларға қарсы күрес ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ал аудандық ішкі істер басқармасы тергеу шараларын бастады.
Асхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2026
Денсаулық сақтау министрі Ташкентте уланған жас фуболшылар жайында айтты
Жаңалықтар
0