Денсаулық сақтау министрі Ташкентте уланған жас фуболшылар жайында айтты

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуАсхана
Асхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2026
Жазылу
Шымкент қаласы мен Түркістан облысында қажетті төсек-орындар дайындалған болатын
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ташкентте тамақтан уланған жас футболшылар жайында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстандықтар Өзбекстанға Dostlik Cup 2026 халықаралық футбол фестиваліне барған. 31 қазанда қонақ үйдегі таңғы астан кейін бірнеше бала өздерін жайсыз сезінген. Бір тәуліктің ішінде ауруханаға түскендердің саны 15 адамға жеткен.
"Балалардың жағдайы біздің тарапымыздан да онлайн бақылауда деп айтсақ болады. Олардың алып жатқан емі біздің хаттамамызға толығымен сәйкес келеді. Негізі, жағдайлары тұрақты. Балаларды тасымалдауға немесе Қазақстанға алып келу мәселесі тұрған жоқ. Тұрған жағдайда, біз дайынбыз", - деді Әлназарова үкіметтегі брифингте.
Министрдің айтуынша, Шымкент қаласы мен Түркістан облысында қажетті төсек-орындар дайындалған болатын. Бірақ әзірше балаларды тасымалдауға қажеттілік жоқ.
"Бұл - тамақтан улану, өзбек тарапынан қосымша зерттеулер жүріп жатыр. Бізге ақпарат түскеннен кейін жариялаймыз. Бірақ балалардың өміріне ешқандай қауіп жоқ", - деді Әлназарова.
Футбол добы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2026
Видео
Ташкентке жарысқа барған қазақстандық футболшылар астан уланып қалды
Жаңалықтар
0