Видео

Ташкентке жарысқа барған қазақстандық футболшылар астан уланып қалды

© Pixabay / Andy03Футбол добы
Футбол добы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2026
Жазылу
Ата-аналар жұмыртқа жемеген 8 бала ғана ауырмағанын айтып отыр
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Ташкентке жарысқа барған қазақстандық жас футолшылар ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 31 қазанда қонақ үйдегі таңғы астан кейін бірнеше бала өздерін жайсыз сезінген. Бір тәуліктің ішінде ауруханаға түскендердің саны 15 адамға жеткен. Ата-аналар жұмыртқа жемеген 8 бала ғана ауырмағанын айтып отыр.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ташкент қаласындағы Dostlik Cup 2026 халықаралық футбол фестиваліне барған бірқатар қатысушының денсаулық жағдайы кенеттен нашарлағанын растады.

"Көмекке мұқтаж барлық Қазақстан азаматтары Өзбекстан Республикасының мамандандырылған медициналық мекемелеріне жатқызылды, оларға қажетті дәрігерлік көмек көрсетіліп жатыр", - дейді министрліктің ресми өкілі Жанболат Үсенов.

Ал қазақстандық дипломаттар футболшы балалардың ата-аналарымен және медициналық мекемелермен байланыс орнатып, аталған мәселені бақылауға алды.
Мягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
Солтүстік Қазақстанда үш бала жидектен уланып қалды
Жаңалықтар
0