Қазақстан елшісі Ташкентте ауруханаға түскен балалардың жағдайын білді

© Посольство Казахстана в УзбекистанеСоветник посла Казахстана в Узбекистане Сакен Пердебеков навестил детей в больнице Ташкента
Советник посла Казахстана в Узбекистане Сакен Пердебеков навестил детей в больнице Ташкента - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2026
Жазылу
Қарағандыдан барған 19 адам тамақтан уланып, медициналық көмекке жүгінген
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ташкентте ауруханаға түскен балалардың жағдайын біліп, олардың ата-аналарымен кездесті, деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметі.
Қарағандылық балалар футбол командасы Өзбекстанға Dostlik Cup 2026 фестиваліне қатысу үшін барған. Алайда қонақүйде олардың денсаулығы сыр беріп, улану белгілері байқалған. Соның салдарынан қазақстандықтар ауруханаға жеткізілген.
Елшіліктің жедел желісіне қоңырау түскен сәттен бастап консул Сәкен Пердебеков дереу ауруханаға барып, оларға қажетті консулдық көмек көрсетіп жатыр.
"Барлығы 19 адам медициналық көмекке жүгінген. Қазіргі уақытта Ташкент қаласындағы №5 қалалық клиникалық инфекциялық ауруханаға 17 адам, оның ішінде 11 бала мен 6 ересек адам жатқызылған. Зардап шеккендердің барлығының жағдайы тұрақты, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Жағдай Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың және Өзбекстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Отабек Имамовтың жеке бақылауында.
"Қажетті көмек көрсетуге Ташкент медициналық университетінің профессорлары, Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары және басқа да бейінді сарапшылар тартылған. Dostlik Cup 2026 турнирінің ұйымдастырушылары зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуде", - дейді ведомство.
Футбол добы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2026
Видео
Ташкентке жарысқа барған қазақстандық футболшылар астан уланып қалды
Жаңалықтар
0