Келесі жылдан бастап жеке тұлғаларға бес жылдан асқан көліктерді әкелуге тыйым салынады

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуПроизводство автомобилей, архивное фото
Производство автомобилей, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2026
Жазылу
Көліктердің экологиялық класы Euro-5-тен төмен болмауға тиіс
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Көлік министрлігі ел аумағына әкелінетін автокөліктерге қойылатын талаптарға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Құжатқа сәйкес, 2027 жылдан бастап жеке тұлғаларға бес жылдан асқан автокөліктерді Қазақстанға әкелуге тыйым салынады.
Сондай-ақ көліктердің экологиялық класы Euro-5-тен төмен болмауға тиіс.
Бұл ережелер жеке пайдалануға арналған автокөліктерге, мотоциклдер мен тіркемелерге қатысты. Алайда арнайы техника мен коммерциялық көліктерге, мысалы, жүк көліктері мен автобустарға қолданылмайды.
Мужчина за рулем  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2026
Автокөліктерді заңсыз әкелуге қарсы шаралар күшейтілді
Жаңалықтар
0