Испанияда матч кезінде футболшының жүрегі тоқтап қалды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуОфициальный мяч чемпионата мира по футболу 2018 Telstar, архивное фото
Официальный мяч чемпионата мира по футболу 2018 Telstar, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2026
Жазылу
Осы оқиғадан кейін матч тоқтатылды
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Испанияның "Тенерифе" клубының шабуылшысы Хесус де Мигель "Андорраға" қарсы матч кезінде есінен танып, алаңда жүрегі тоқтап қалды.
Оқиға ойынның соңында болған. "Андорра" қақпашысы Иссус Овононың тізесі футболшының кеуде тұсына тигеннен кейін Хесус де Мигель есінен танып қалған.
"Тенерифе" клубының мәліметінше, футболшының жүрегі тоқтап, оған медициналық қызметкерлер алаңда шұғыл түрде жүрек-өкпе реанимациясын жасаған.
Жедел жәрдем көлігінде оның жүрек соғысы қалпына келген.
Қазір футболшы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Клубтың хабарлауынша, оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.
Осы оқиғадан кейін матч тоқтатылды.
Футбол. РПЛ. Матч Спартак – Нижний Новгород - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Матч кезінде есінен танып қалған: 25 жастағы футболшы көз жұмды
Жаңалықтар
0