https://sputnik.kz/20260823/match-kezinde-esinen-tanyp-qalgan-25-zhastagy-portugaliyalyq-futbolshy-koz-zhumdy-66014620.html
Матч кезінде есінен танып қалған: 25 жастағы футболшы көз жұмды
Матч кезінде есінен танып қалған: 25 жастағы футболшы көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Футболшы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады 23.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-23T16:59+0500
2026-08-23T16:59+0500
2026-08-23T17:01+0500
португалия
футбол
https://sputnik.kz/img/07e5/08/1a/17949641_0:4:3633:2048_1920x0_80_0_0_934acc2b73d85ccb18e7e338f0d2e9e6.jpg
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Португалиялық футболшы Кевин де Каштру жолдастық кездесу кезінде есінен танып, кейін ауруханада көз жұмды. Ол небәрі 25 жаста еді, деп жазды 1bol.kz.A Bola мәліметінше, жуырда "Реал Массама" клубына ауысқан футболшы "Эштрелаға" қарсы матч басталғаннан кейін шамамен 10 минут өткенде алаңда құлап қалған.Екі команданың медицина қызметкерлері бірден көмек көрсетіп, оны дефибриллятордың көмегімен қайта тірілтуге тырысқан. Алайда әрекеттер нәтиже бермеді. Футболшы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады.Кевин де Каштру 16 тамызда ғана 25 жасқа толған.Оқиғадан кейін "Эштрела" клубы футболшының отбасы мен жақындарына, сондай-ақ "Реал Массама" ұжымына көңіл айтты.Кевин де Каштру Португалияда дүниеге келген. Кейін бала кезінде Англияға көшіп, "Вест Бромвич Альбион", "Бёртон Альбион", "Ноттс Каунти" және "Йорк Сити" жүйелерінде өнер көрсеткен.
https://sputnik.kz/20260805/match-kezinde-nayzagay-soqqan-futbolshy-koz-zhumdy-65480074.html
португалия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/1a/17949641_902:0:3633:2048_1920x0_80_0_0_d62550d689b6de1ef398b326c30a949d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
португалия, футбол
Матч кезінде есінен танып қалған: 25 жастағы футболшы көз жұмды
16:59 23.08.2026 (жаңартылды: 17:01 23.08.2026) Футболшы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Португалиялық футболшы Кевин де Каштру жолдастық кездесу кезінде есінен танып, кейін ауруханада көз жұмды. Ол небәрі 25 жаста еді, деп жазды
1bol.kz. A Bola мәліметінше, жуырда "Реал Массама" клубына ауысқан футболшы "Эштрелаға" қарсы матч басталғаннан кейін шамамен 10 минут өткенде алаңда құлап қалған.
Екі команданың медицина қызметкерлері бірден көмек көрсетіп, оны дефибриллятордың көмегімен қайта тірілтуге тырысқан. Алайда әрекеттер нәтиже бермеді. Футболшы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады.
Кевин де Каштру 16 тамызда ғана 25 жасқа толған.
Оқиғадан кейін "Эштрела" клубы футболшының отбасы мен жақындарына, сондай-ақ "Реал Массама" ұжымына көңіл айтты.
Кевин де Каштру Португалияда дүниеге келген. Кейін бала кезінде Англияға көшіп, "Вест Бромвич Альбион", "Бёртон Альбион", "Ноттс Каунти" және "Йорк Сити" жүйелерінде өнер көрсеткен.