https://sputnik.kz/20261103/ekinshi-aes-boyynsha-kelisim-zhasalady--ukimet-zhospardy-maquldady-68182748.html
Екінші АЭС бойынша келісім жасалады – үкімет жоспарды мақұлдады
Екінші АЭС бойынша келісім жасалады – үкімет жоспарды мақұлдады
Sputnik Қазақстан
Салаға қажетті білікті кадрларды даярлау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі 03.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-03T10:43+0500
2026-11-03T10:43+0500
2026-11-03T10:43+0500
атом электр станциясы
қазақстан
https://sputnik.kz/img/571/81/5718137_0:0:2017:1134_1920x0_80_0_0_bc8c4ad912d6bca868c3fdf2980aae27.jpg
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Үкімет президенттің биылғы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жолдауды жүзеге асыру үшін 96 іс-шара қарастырылған. Олардың басым бөлігіне үкімет жауапты.Жоспарға "Халықтық құрылыс" жобасын іске асыру, Зайсан, Қатонқарағай және Кендірліде жаңа әуежайларды пайдалануға беру, Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастау, сондай-ақ жаңа электр станцияларын салу және қолданыстағыларын жаңғырту енгізілген.Атом энергетикасын дамытуға да ерекше көңіл бөлінген.Бұдан бөлек, жалпыұлттық жоспарда ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру көзделген. Сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін учаскелік қызмет мамандарына еңбек өтілі мен жүктемесіне қарай сараланған қосымша төлемдер енгізу арқылы жалақысын арттыру жоспарланып отыр.Сонымен қатар отандық тракторлар мен комбайндар өндірісін қолдау шаралары қарастырылған. Ал микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық мораторий енгізудің мақсатқа сәйкестігі туралы шешім қабылданады.
https://sputnik.kz/20261102/ekinshi-atom-elektr-stantsiyasyn-salatyn-oryn-anyqtaldy-68172281.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/571/81/5718137_109:0:1870:1321_1920x0_80_0_0_025f9186afa866f529984746e5e6a760.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атом электр станциясы, қазақстан
атом электр станциясы, қазақстан
Екінші АЭС бойынша келісім жасалады – үкімет жоспарды мақұлдады
Салаға қажетті білікті кадрларды даярлау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Үкімет президенттің биылғы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жолдауды жүзеге асыру үшін 96 іс-шара қарастырылған. Олардың басым бөлігіне үкімет жауапты.
Жоспарға "Халықтық құрылыс" жобасын іске асыру, Зайсан, Қатонқарағай және Кендірліде жаңа әуежайларды пайдалануға беру, Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастау, сондай-ақ жаңа электр станцияларын салу және қолданыстағыларын жаңғырту енгізілген.
Атом энергетикасын дамытуға да ерекше көңіл бөлінген.
"2027 жылдың соңына дейін АЭС-тердің өз қажеттіліктеріне арналған уранның мемлекеттік стратегиялық қорын қалыптастыру және "Мойынқұм" АЭС-і бойынша үкіметаралық келісімге қол қою жоспарланып отыр. Сонымен қатар салаға қажетті білікті кадрларды даярлау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі", – деді Серік Жұманғарин үкімет отырысында.
Бұдан бөлек, жалпыұлттық жоспарда ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру көзделген. Сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін учаскелік қызмет мамандарына еңбек өтілі мен жүктемесіне қарай сараланған қосымша төлемдер енгізу арқылы жалақысын арттыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар отандық тракторлар мен комбайндар өндірісін қолдау шаралары қарастырылған. Ал микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық мораторий енгізудің мақсатқа сәйкестігі туралы шешім қабылданады.