https://sputnik.kz/20261103/balmuzdaq-ondirisi-57-ke-osti-zhazda-rekordtyq-korsetkish-tirkeldi-68159664.html
Балмұздақ өндірісі 57%-ке өсті: жазда рекордтық көрсеткіш тіркелді
Балмұздақ өндірісі 57%-ке өсті: жазда рекордтық көрсеткіш тіркелді
Sputnik Қазақстан
Биыл сегіз айда шетелге 15,3 мың тонна өнім жөнелтілген 03.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-03T08:00+0500
2026-11-03T08:00+0500
2026-11-03T08:00+0500
балмұздақ
экспорт
импорт
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0a/54474737_0:370:960:910_1920x0_80_0_0_bd2e2b55c0a924d15ed163d551a7f17a.jpg
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Қазақстанда 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында балмұздақ пен тағамдық мұз өндірісі 57%-ке өсіп, 77,5 мың тоннаға жетті. Бұл былтырғы 12 айда өндірілген балмұздақтың жалпы көлемінен де көп, деп хабарлады Energyprom.kz.Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы жазда балмұздақ өндірісі рекордтық деңгейге жеткен. Әсіресе маусым айында өндіріс көлемі 20 мың тоннадан асып, мамыр айымен салыстырғанда екі есеге артқан.Қазақстандық өндірушілердің ішкі нарықтағы үлесі де артқан. 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында нарық ресурстарының жалпы көлеміндегі отандық өнімнің үлесі 88,2%-ке жетті. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,2 пайызға жоғары. Ал импорттың үлесі 11,8%-ті құрады.Сонымен қатар Қазақстан балмұздақ экспортын да ұлғайтты. Биыл сегіз айда шетелге 15,3 мың тонна өнім жөнелтілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 28,9%-ке көп. Қазақстандық балмұздақ Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия және басқа елдерге экспортталады.Өндіріс көлемінің артуымен қатар балмұздақ бағасы да қымбаттаған. 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өндірушілердің сату бағасы 9,5%-ке өсті. Ал тұтынушылар үшін балмұздақ пен шербеттің бағасы 16,9%-ке қымбаттады. Былтыр осы кезеңде баға 13,2%-ға өскен.
https://sputnik.kz/20260921/aqtobe-oblysynda-zhas-kasipker-tabigi-balmuzdaq-ondirisin-iske-qosty-66862704.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0a/54474737_0:280:960:1000_1920x0_80_0_0_b11d83d86e9ab3c508fb151c66623ebd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балмұздақ, экспорт, импорт
балмұздақ, экспорт, импорт
Балмұздақ өндірісі 57%-ке өсті: жазда рекордтық көрсеткіш тіркелді
Биыл сегіз айда шетелге 15,3 мың тонна өнім жөнелтілген
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Қазақстанда 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында балмұздақ пен тағамдық мұз өндірісі 57%-ке өсіп, 77,5 мың тоннаға жетті. Бұл былтырғы 12 айда өндірілген балмұздақтың жалпы көлемінен де көп, деп хабарлады Energyprom.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы жазда балмұздақ өндірісі рекордтық деңгейге жеткен. Әсіресе маусым айында өндіріс көлемі 20 мың тоннадан асып, мамыр айымен салыстырғанда екі есеге артқан.
"Ішкі нарықтағы сатылым да айтарлықтай өсті. Сегіз айда балмұздақ пен тағамдық мұзды өткізу көлемі 72,6 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 61%-ке жуық жоғары", - деп жазды портал.
Қазақстандық өндірушілердің ішкі нарықтағы үлесі де артқан. 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында нарық ресурстарының жалпы көлеміндегі отандық өнімнің үлесі 88,2%-ке жетті. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,2 пайызға жоғары. Ал импорттың үлесі 11,8%-ті құрады.
Сонымен қатар Қазақстан балмұздақ экспортын да ұлғайтты. Биыл сегіз айда шетелге 15,3 мың тонна өнім жөнелтілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 28,9%-ке көп. Қазақстандық балмұздақ Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия және басқа елдерге экспортталады.
"Өндірістің артуына кәсіпорындардың өндірістік қуатын кеңейтуі әсер еткен. Өткен жылы Қазақстандағы ірі балмұздақ өндірушілердің бірі Алматы облысында құны шамамен 18 млрд теңге болатын жаңа фабрикасын іске қосты", - дейді мамандар.
Өндіріс көлемінің артуымен қатар балмұздақ бағасы да қымбаттаған. 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өндірушілердің сату бағасы 9,5%-ке өсті. Ал тұтынушылар үшін балмұздақ пен шербеттің бағасы 16,9%-ке қымбаттады. Былтыр осы кезеңде баға 13,2%-ға өскен.