Ақтөбе облысында жас кәсіпкер табиғи балмұздақ өндірісін іске қосты

© Photo : Ақтөбе облысының әкімдігіАқтөбе облысында жас кәсіпкер Ерамир Сафин табиғи балмұздақ өндірісін іске қосты
Ақтөбе облысында жас кәсіпкер Ерамир Сафин табиғи балмұздақ өндірісін іске қосты - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2026
Жазылу
Бастапқыда бизнес-идея ретінде ұсынылған жоба бүгінде өнім өндіретін кәсіпке айналып отыр
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысында жас кәсіпкер Ерамир Сафин табиғи ингредиенттерден балмұздақ өндіру жобасын жүзеге асырып отыр, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кәсіпкер "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты арқылы мемлекеттік қолдау алған.
"Өндірісте табиғи ингредиенттер қолданылып, тұтынушыларға сапалы өнім ұсынуға мән беріледі. Бастапқыда бизнес-идея ретінде ұсынылған жоба бүгінде өнім өндіретін кәсіпке айналып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, грант аясында жастар өздерінің бизнес-жобаларын іске қосып, кәсіпкерлік бағытта тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алады.
Мороженое в Казахстане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2026
Қазақстанда балмұздақ өндірісі 47,4%-ға өсті
Жаңалықтар
0