Қазақстанда балмұздақ өндірісі 47,4%-ға өсті

Мороженое в Казахстане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2026
Жазылу
2026 жылғдың алғашқы бес айында Қазақстан 8 343 тонна балмұздақ экспорттады
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 35,1 мың тонна балмұздақ өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4%-ға артты, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
"Шин-Лайн" компаниясы Қазақстанның ішкі балмұздақ нарығының шамамен 50%-ын және елдегі балмұздақ экспортының 95%-ға дейінгі үлесін қамтамасыз етеді.
"Өндіріс көлемінің айтарлықтай артуына Алматы облысында тәулігіне 350 тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы жаңа жоғары технологиялық өндірістік кешеннің іске қосылуы ықпал етті", - деп жазылған хабарламада.
Өндіріс көлемінің өсуі экспорт көрсеткіштеріне де тікелей әсер етті. 2026 жылғы қаңтар-мамыр аралығында Қазақстан 8 343 тонна балмұздақ экспорттап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,5%-ға жоғары нәтиже көрсетті.
Осы уақытта импорт көлемі 5 145 тоннаны құрап, небәрі 7,1%-ға ғана өсті.
Қазақстандық балмұздақтың негізгі экспорттық нарығы бұрынғысынша Ресей болып отыр. Бұл елге 5748 тонна өнім жөнелтілді, бұл жалпы экспорт көлемінің шамамен 69%-ын құрайды және өткен жылмен салыстырғанда 39,6%-ға артық. Екінші ірі бағыт – Қырғызстан. Бұл елге 2019 тонна өнім экспортталып, 46,7%-дық өсім тіркелді. Бұл негізгі экспорттық нарықтар арасындағы ең жоғары көрсеткіш болды. Өзбекстанға 498 тонна балмұздақ экспортталды. Сонымен қатар Тәжікстанға 53 тонна, Моңғолияға 17 тонна және Әзербайжанға 8 тонна өнім жеткізілді.
Экспорттың қарқынды өсуіне қарамастан, импорт құрылымы салыстырмалы түрде тұрақты болып отыр. Қазақстанға балмұздақ жеткізетін негізгі елдер – Ресей 2250 тонна және Қырғызстан 2073 тонна, олардың үлесіне жалпы импорт көлемінің 84%-дан астамы тиесілі. Сонымен бірге Беларусьтен жеткізілім 118%-ға, ал Өзбекстаннан 78,9%-ға өсті.
Балмұздақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2026
Қазақстанда балмұздақ 20%-ке жуық қымбаттады
Жаңалықтар
0