Қазақстанда балмұздақ 20%-ке жуық қымбаттады

© Getty Images / Smith Collection/GadoБалмұздақ
Балмұздақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2026
Жазылу
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында балмұздақ өндіруде Қазақстанның үлесі 90,7%, ал импорттың үлес салмағы небәрі 9,3% болды
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Қазақстанда балмұздақ айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды Energyprom.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, биыл қаңтар-сәуір айларында балмұздақ бағасының индексі жылдық мәнде 119,5%-ды құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда балмұздақ пен шербет қымбаттаған.
Балмұздақ ең көп қымбаттаған облыстар:
Маңғыстау - 33,1%,
Түркістан - 32,9%,
Ұлытау - 30,6%.
Қазақстандық балмұздақ өндірушілер белсенді дамып келеді. Өткен жылы балмұздақ пен тағамдық мұз шығару көлемі 22,7%-ке өсіп, 63,2 мың тоннаға жетті. Бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. 2026 жылдың бірінші тоқсанында өсім 58,9%-ке жетті.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында балмұздақ өндіруде Қазақстанның үлесі 90,7%, ал импорттың үлес салмағы небәрі 9,3% болды. Өткен жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда қазақстандық өндірушілердің үлесі өсті.
Кумыс, шубат, курт - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2026
Қазақстанда сүт өнімдері қымбаттады
Жаңалықтар
0