Ақтөбеде неке сарайында әйелді пышақтап тастады

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ
Пышақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2026
Жазылу
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Ақтөбе қаласындағы неке сарайында әйелді пышақтап өлтірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 26 жастағы келіншек неке сарайына жаңадан қосылған сүйіктісімен барған. Сол жерде бұрынғы сүйіктісі жанжал кезінде оған бірнеше рет пышақ сұққан. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Ресми мәліметке сәйкес, марқұм мен күдікті заңды некеде болмаған. Бірақ бірге тұрған.
Облыстық полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады.
"Әйел адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде тергеушілер оқиғаның мән-жайы анықтауға кірісті.
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2026
Қызылорда облысында ұлын пышақтап өлтірген ер адам 8 жылға сотталды
Жаңалықтар
0