Қызылорда облысында ұлын пышақтап өлтірген ер адам 8 жылға сотталды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2026
Жазылу
Әке мен баланың арасындағы тұрмыстық жанжал орны толмас қайғылы оқиғаға ұласты
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Қызылорда облысы Арал қаласында ұлын пышақтап өлтірген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға биыл шілдеде болған. Үйдегі жанжал кезінде ашуға булыққан ер адам 42 жастағы баласына бірнеше рет пышақ салған.
Қылмыстық іс Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Ер адамға Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша айып тағылды.
"Сот үкімімен сотталушы сегіз жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді", – деп хабарлады сот.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
 Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2026
Анасын қорғаған: Қостанай облысында ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
Жаңалықтар
0