https://sputnik.kz/20261102/toqaev-qarmet-ti-zhangyrtuga-2028-zhylga-deyin-35-mlrd-dollar-bolinetinin-aytty-68169328.html
Тоқаев Qarmet-ті жаңғыртуға 2028 жылға дейін 3,5 млрд доллар бөлінетінін айтты
Тоқаев Qarmet-ті жаңғыртуға 2028 жылға дейін 3,5 млрд доллар бөлінетінін айтты
Sputnik Қазақстан
Qarmet өз қаражаты есебінен Теміртаудағы трамвай қозғалысын толық қалпына келтірген 02.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-02T18:18+0500
2026-11-02T18:18+0500
2026-11-02T18:18+0500
қасым-жомарт тоқаев
qarmet
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/02/68169086_235:231:1060:695_1920x0_80_0_0_75c3a29db21ad82ff8ea683162095307.jpg
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Qarmet комбинатын жаңғыртуға 2028 жылға дейін 3,5 млрд доллар бөлінеді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев компания ұжымымен және кәсіподақ мүшелерімен кездесуінде айтты.Мемлекет басшысының айтуынша, Qarmet бұрын күрделі жағдайда болғанымен, қабылданған шешімдер кәсіпорынның жұмысын жақсартуға мүмкіндік берген.Президент кәсіпорында ауқымды жаңғырту бағдарламасы қолға алынғанын атап өтті. Оны жүзеге асыруға 2028 жылға дейін 3,5 миллиард доллар инвестиция салу жоспарланып отыр.Сонымен қатар Тоқаев компанияның әлеуметтік бастамаларына тоқталды. Оның айтуынша, Qarmet өз қаражаты есебінен Теміртаудағы трамвай қозғалысын толық қалпына келтірген. Сондай-ақ жас мамандарды оқыту мен жұмыспен қамтуға арналған "Болашаққа жол" бағдарламасы іске қосылған. Оның алғашқы кезеңінде еліміздің әр өңірінен 500-ге жуық адам қамтылады.Президент алдағы жылды "Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы" деп жариялағанын еске салып, "Халықтық құрылыс" жобасына шамамен 6,5 триллион теңге бөлінетінін айтты."Халықтық құрылыс" тұтас елді, барлық қала мен ауданды қамтиды. Шын мәнінде, біз баянды болашақтың сенімді іргетасын қалап жатырмыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
https://sputnik.kz/20261102/toqaev-qarmet-metallurgiya-kombinatynyn-zhumysymen-tanysty-68160278.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/02/68169086_194:0:1069:656_1920x0_80_0_0_47b67d1e1c303422b68b359fac4cfc5a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, qarmet
қасым-жомарт тоқаев, qarmet
Тоқаев Qarmet-ті жаңғыртуға 2028 жылға дейін 3,5 млрд доллар бөлінетінін айтты
Qarmet өз қаражаты есебінен Теміртаудағы трамвай қозғалысын толық қалпына келтірген
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Qarmet комбинатын жаңғыртуға 2028 жылға дейін 3,5 млрд доллар бөлінеді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев компания ұжымымен және кәсіподақ мүшелерімен кездесуінде айтты.
Мемлекет басшысының айтуынша, Qarmet бұрын күрделі жағдайда болғанымен, қабылданған шешімдер кәсіпорынның жұмысын жақсартуға мүмкіндік берген.
"Шығыстарды оңтайландыру және инвестиция тарту арқылы компания миллиардтаған шығыннан арылып, қиын кезеңді еңсерді. Осының нәтижесінде былтыр Qarmet 1,1 триллион теңге түсіммен таза пайдаға шықты", – деді Тоқаев.
Президент кәсіпорында ауқымды жаңғырту бағдарламасы қолға алынғанын атап өтті. Оны жүзеге асыруға 2028 жылға дейін 3,5 миллиард доллар инвестиция салу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Тоқаев компанияның әлеуметтік бастамаларына тоқталды. Оның айтуынша, Qarmet өз қаражаты есебінен Теміртаудағы трамвай қозғалысын толық қалпына келтірген. Сондай-ақ жас мамандарды оқыту мен жұмыспен қамтуға арналған "Болашаққа жол" бағдарламасы іске қосылған. Оның алғашқы кезеңінде еліміздің әр өңірінен 500-ге жуық адам қамтылады.
Президент алдағы жылды "Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы" деп жариялағанын еске салып, "Халықтық құрылыс" жобасына шамамен 6,5 триллион теңге бөлінетінін айтты.
"Халықтық құрылыс" тұтас елді, барлық қала мен ауданды қамтиды. Шын мәнінде, біз баянды болашақтың сенімді іргетасын қалап жатырмыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.