Экономика

Тоқаев Qarmet металлургия комбинатының жұмысымен танысты

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіҚасым-Жомарт Тоқаев Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2026
Жазылу
Qarmet компаниясы өндірісті жаңғыртуға 2,7 млрд доллардан астам инвестиция салды
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Qarmet болат балқыту өндірісінің негізгі буыны саналатын конвертер цехының жұмысымен танысты, деп хабарлады Ақорда.
Президентке домна пешінде балқытылған шойынның қалай құрышқа айналатыны, содан кейін үздіксіз құю қондырғысына және одан әрі илемдеуге жіберілетіні көрсетілді.
"Qarmet компаниясы 2024 жылы №1 және №2 конвертерлерде күрделі жөндеу жүргізіп, корпустарды толық ауыстырды және анағұрлым заманауи конструкциялар орнатты", - деп жазылған хабарламада.
Жаңғырту жұмыстары шығарылатын өнім түрлерін көбейтіп, қорытылған болат көлемін ұлғайтуға, құрал-жабдықтардың сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар цехтағы бірқатар технологиялық үдерісті табиғи газға көшіру ісі жалғасып жатыр.
© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіҚасым-Жомарт Тоқаев Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты
Qarmet директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев мемлекет басшысына өндірістік көрсеткіштер өсімі және инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру барысы туралы есеп берді.
"2026 жылдың қорытындысы бойынша 4 миллион тонна болат, 3,6 миллион тонна көмір және 3,9 миллион тонна темір рудасы концентратын өндіру жоспарланып отыр", - деп атап өтті Ақорда.
Компания жұмысы басталғаннан бері инвестиция көлемі 2,7 миллиардтан аса долларды құрады. Бұл қаражат өндіріс қуатын жаңғыртуға және жаңа өнеркәсіптік нысан салуға бағытталды.
Qarmet – еліміздегі толық өндірістік циклге ие ең ірі тау-кен-металлургиялық компаниясы. Орталық Азиядағы өзінің көмір, темір рудасы кеніштері және энергетикалық базасы бар, интеграцияланған тау-кен-металлургиялық кешен. Компанияда шамамен 35 мың еңбеккер, соның ішінде 14 мыңнан астам адам Теміртаудағы металлургия комбинатында жұмыс істейді.
Президент Теміртауда жаңа трамвайға мініп көрді - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2026
Президент Теміртауда жаңартылған трамвайға мініп көрді
Жаңалықтар
0