https://sputnik.kz/20261102/qazaqstan-ortalyq-aziya-elderinen-30-mlrd-dollardan-astam-investitsiya-tartty-68170377.html
Қазақстан Орталық Азия елдерінен 30 млрд доллардан астам инвестиция тартты
Қазақстан Орталық Азия елдерінен 30 млрд доллардан астам инвестиция тартты
Sputnik Қазақстан
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ОАӨЭЫ елдерімен тауар айналымы 8,8 миллиард долларға жетіп, 14,4%-ға өскен 02.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-02T21:13+0500
2026-11-02T21:13+0500
2026-11-02T21:13+0500
серік жұманғарин
орталық азия
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/02/68168163_0:217:1174:877_1920x0_80_0_0_b7e7471aaa7bfb281215f76f9c4c7ae9.jpg
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Кейінгі 20 жылда Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы (ОАӨЭЫ) елдерінен Қазақстанға 30 миллиард доллардан астам инвестиция тартылды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Алматыда өткен екінші Тянь-Шань форумының ашылуында мәлімдеді.Оның айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ОАӨЭЫ елдерімен тауар айналымы 8,8 миллиард долларға жетіп, 14,4%-ға өскен.Вице-премьер өңірлік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ретінде өзара сауданы кеңейту, көлік-логистика байланысын дамыту және сапалы инвестициялар тартуды атады.Сондай-ақ Қазақстан көлік дәліздерінің өткізу қабілетін арттырып, теміржол және автомобиль жолдарын жаңғырту, мультимодальды тасымалды дамыту жұмыстарын жүргізіп жатыр.Жұманғариннің мәліметінше, Қазақстанның ОАӨЭЫ елдеріне салған инвестиция көлемі 4 миллиард доллардан асты. Ал Қазақстанда осы өңір елдерінен келген 28 мыңнан астам кәсіпорын және 2,5 мыңнан астам бірлескен компания тіркелген.Өңірлік ынтымақтастық аясында сауда мен логистиканы цифрландыру, климаттың өзгеруі және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері де талқыланып жатыр.Екінші Тянь-Шань форумы 2–3 қарашада Алматыда "Орталық Азиядағы орнықты өзара байланыс пен сапалы инвестицияларды нығайту" тақырыбында өтіп жатыр. Оған ОАӨЭЫ елдерінің үкіметтері, халықаралық қаржы институттары, даму ұйымдары, бизнес және сарапшылар қауымдастығы өкілдерін қоса алғанда, 400-ге жуық адам қатысып жатыр.
https://sputnik.kz/20261030/ortalyq-aziyanyn-tort-eli-men-azerbayzhan-qr-tolem-zhuyelerin-biriktirmek-68095350.html
орталық азия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/02/68168163_0:158:1174:1040_1920x0_80_0_0_b0b657140bb54f65ded103b58cffcc50.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
серік жұманғарин, орталық азия
серік жұманғарин, орталық азия
Қазақстан Орталық Азия елдерінен 30 млрд доллардан астам инвестиция тартты
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ОАӨЭЫ елдерімен тауар айналымы 8,8 миллиард долларға жетіп, 14,4%-ға өскен
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Кейінгі 20 жылда Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы (ОАӨЭЫ) елдерінен Қазақстанға 30 миллиард доллардан астам инвестиция тартылды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Алматыда өткен екінші Тянь-Шань форумының ашылуында мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ОАӨЭЫ елдерімен тауар айналымы 8,8 миллиард долларға жетіп, 14,4%-ға өскен.
"Біздің ортақ міндетіміз – сауда көлемін ұлғайтып қана қоймай, кедергілерді біртіндеп жою, сауда рәсімдерін жеңілдету, электронды сауданы дамыту және кәсіпкерлердің көршілес мемлекеттер нарығына шығу мүмкіндігін кеңейту", – деді Серік Жұманғарин.
Вице-премьер өңірлік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ретінде өзара сауданы кеңейту, көлік-логистика байланысын дамыту және сапалы инвестициялар тартуды атады.
Сондай-ақ Қазақстан көлік дәліздерінің өткізу қабілетін арттырып, теміржол және автомобиль жолдарын жаңғырту, мультимодальды тасымалды дамыту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жұманғариннің мәліметінше, Қазақстанның ОАӨЭЫ елдеріне салған инвестиция көлемі 4 миллиард доллардан асты. Ал Қазақстанда осы өңір елдерінен келген 28 мыңнан астам кәсіпорын және 2,5 мыңнан астам бірлескен компания тіркелген.
Өңірлік ынтымақтастық аясында сауда мен логистиканы цифрландыру, климаттың өзгеруі және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері де талқыланып жатыр.
Екінші Тянь-Шань форумы 2–3 қарашада Алматыда "Орталық Азиядағы орнықты өзара байланыс пен сапалы инвестицияларды нығайту" тақырыбында өтіп жатыр. Оған ОАӨЭЫ елдерінің үкіметтері, халықаралық қаржы институттары, даму ұйымдары, бизнес және сарапшылар қауымдастығы өкілдерін қоса алғанда, 400-ге жуық адам қатысып жатыр.