Орталық Азияның төрт елі мен Әзербайжан QR-төлем жүйелерін біріктірмек

© Sputnik / Абзал КалиевЧеловек сканирует QR-код проекта Ashyq
Человек сканирует QR-код проекта Ashyq  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2026
Жазылу
Елдер 2026 жылдың соңына дейін ұлттық QR-төлем жүйелерін біріктіру тетігін пысықтауды жоспарлап отыр
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Орталық Азияның төрт елі мен Әзербайжан QR-төлем жүйелерін біріктіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкі хабарлады.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан тұрғындары басқа елдерде тауарлар мен қызметтер ақысын өз банктерінің үйреншікті мобильді қосымшасы арқылы QR-кодпен төлей алады.
"Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан азаматтары сапар кезінде өз банктерінің үйреншікті мобильді қосымшасы арқылы QR-кодпен тауарлар мен қызметтер ақысын төлеуге, сондай-ақ бір-біріне нақты уақыт режимінде ақша жіберіп, қабылдауға мүмкіндік алады", – делінген хабарламада.
Елдер 2026 жылдың соңына дейін ұлттық QR-төлем жүйелерін біріктіру тетігін пысықтауды жоспарлап отыр.
Национальный банк Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2026
Қазақстандықтар QR-код арқылы банкаралық төлем жасай алады
Жаңалықтар
0