Мәслихаттар сайлауында төрт бюллетень болады

© Sputnik / Абзал Калиев
Жазылу
Орталық сайлау комиссиясы сайлау бюллетеньдерінің үлгілерін бекітіп, партиялардың орналасу ретін анықтады
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Алдағы мәслихаттар сайлауында азаматтар дауыс беру үшін төрт түрлі бюллетень алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге арналған бюллетеньдердің үлгілерін бекітті.
Бюллетеньдер түсіне қарай төрт түрге бөлінеді:
Көгілдір бюллетень – Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының партиялық тізімдер бойынша сайлауына арналған.

Мәслихаттар сайлауында төрт бюллетень болады
© Photo : Орталық сайлау комиссиясы
Жасыл бюллетень – Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша дауыс беруге арналған.

Мәслихаттар сайлауында төрт бюллетень болады
© Photo : Орталық сайлау комиссиясы
Күлгін бюллетень – облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша дауыс беруге арналған.

Мәслихаттар сайлауында төрт бюллетень болады
© Photo : Орталық сайлау комиссиясы
Қызғылт сары бюллетень – облыстық маңызы бар аудандар мәслихаттарының бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша дауыс беруге арналған.

Мәслихаттар сайлауында төрт бюллетень болады
© Photo : Орталық сайлау комиссиясы
Бұдан бөлек, Орталық сайлау комиссиясының отырысында өткізілген жеребе нәтижесінде дауыс беру бюллетеньдеріндегі саяси партиялардың орналасу реті анықталды.
Партиялар бюллетеньде мынадай тәртіппен орналасады:
"Ауыл" партиясы;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;
Қазақстанның Халық партиясы;
Respublica партиясы;
"Ақ жол" демократиялық партиясы;
Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы;
"Әділет" партиясы.
Айта кетері, мәслихаттар сайлауы 29 қарашада өтеді.
