Мәслихаттар сайлауына жұмсалатын қаржының көлемі жарияланды

© Sputnik / Абзал Калиев Внеочередные выборы президента Казахстана - 2022

Внеочередные выборы президента Казахстана - 2022 - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2026
Жазылу
Қаржының басым бөлігі комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Орталық сайлау комиссия мәслихаттар сайлауына жұмсалатын қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Комиссия мүшесі Михаил Бортниктің айтуынша, алдағы сайлауға қосымша 3 022 округтік сайлау комиссиясы тартылады. Бұдан бөлек, 3 113 бір мандатты округте сайлау өткізуге байланысты қосымша шығындар қарастырылған.
"Бұның барлығын ескере отырып, сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті қаражаттың жалпы көлемі 35 млрд 800 млн теңгені құрады", - деді Бортник.
Қаржының басым бөлігі – 70 проценті комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады.
Выборы, голосование, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2026
Қазақстанда кезектен тыс мәслихаттар сайлауы өтеді – дауыс беру тәртібі
Жаңалықтар
0