"Таланттыларды басқа елдер алып кетіп жатыр": Қазақстанда дрон спортының деңгейі қандай

© PhotoҚазақстанда дрон спортының деңгейі қандай
Қазақстанда дрон спортының деңгейі қандай - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2026
Жазылу
Дронның моторын дамытатын бөлек сала болса, оның бағдарламасын ойлап табатын бөлек сала, әр бөлшегін дамытатын әртүрлі сала бар
АСТАНА, 1 қараша — Sputnik. Қазақстандағы ең тұңғыш дрон жарысы 2023 жылы Орал қаласында өтті. Алғаш болып бұл спортты қолға алған "Aspandrone" қоғамдық бірлестігі, жетекшісі - Қайсар Есенғали. Қазақстандағы дрон спортының деңгейі мен осы саладағы шешілуі керек мәселе қандай, бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне бірлестік жетекшісі айтып берді.

Тұңғыш дрон жарысы қалай өтті

Осыдан үш жыл бұрын дрон спортының ең алғашқы жарысы өтті. Ұйымдастырушы "Aspandrone" қоғамдық бірлестігі.
© PhotoҚазақстанда дрон спортының деңгейі қандай
Қазақстанда дрон спортының деңгейі қандай - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2026
Қазақстанда дрон спортының деңгейі қандай
"Шетелдерді қарап тұрсақ, үнемі жарыстар өтіп жатады. Бұл шараны неге бізде ұйымдастырып көрмеске деп ойладық. Сөйтіп блогерлер арқылы жарнама жасадық. Сенесіз бе, небәрі 4 қазақстандық қана қатысамыз деп ұсыныс жасады. Оның өзін әрең таптық, біреуі осы спортпен айналысып жүрген 11 жастағы оқушы, ал үшеуінің мүлдем хабары жоқ", - дейді Қайсар Есенғали.
Жарнаманы көрген шетелдіктер Қазақстанда өтетін тұңғыш жарысқа қатысуға ниет білдіреді. Шағын болады деп жоспарланған жарыс халықаралық жарысқа айналады. 24 адам бақ сынайды, 20-сы шетелдік спортшы.
"Біздің тәжірибеміз болған жоқ, жарысты қалай өткізеді деп әр жерден сұрадық. Оралдық меценат қолдау білдіріп, бірінші орынға 5 мың доллар тікті. Шетелден келген жарысқа қатысушыларды күтіп алу, қонақ үйде күту, барлығын жергілікті кәсіпкер өз мойнына алды. Сөйтіп бірінші орынды қазақстандық 11 жастағы қарағандылық оқушы жеңіп алып, 5 мың доллар иеленді", - дейді Қайсар Есенғали.

"Құралақан емеспіз"

Бұл нәтиже біздің елдің ұйымдастырушыларының мәртебесін көтерген. "Қазақстан дрон спортынан құр алақан емес" деген олар ары қарай дамытуға кіріседі.
"Жалпы бұл спорт өте адал, еш боямасыз спорт. Спортшылар дайын дронды сатып алмайды, оны жинайды. Формула-1 сияқты моторы, рамасын, камерасын таңдап, бағдарлама енгізеді. Реакция, спорт, адреналин - ерекшелігі осында. Дрон спортшы дронымен әртүрлі қашықтықта кедергілерді аса үлкен жылдамдықпен өту керек. Бұл жарыс өте қиын, бәрі ашық, анық, айқын, көзбояушылық болмайды", - дейді "Aspandrone” қоғамдық бірлестік жетекшісі Қайсар Есенғали.
Үш жылда қазақстандық дрон спортын ұйымдастырушылар көптеген жетістіктерге жеткен. Бұл спорт мектептерде, оқушылар сарайларында ашыла бастаған. Тіпті оқу-ағарту министрлігі робототехника кабинеттерінің жанынан дрон спортын дамытатын қосымша үйірмелер ашу туралы қаулы шығарылған.
© PhotoҚазақстанда дрон спортының деңгейі қандай
Қазақстанда дрон спортының деңгейі қандай - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2026
Қазақстанда дрон спортының деңгейі қандай
"Біздің оқушылар Ресей, Корея, Қытай, АҚШ, араб елдерінде жарысқа қатысты. Жетістік өте жақсы. Сербияда 190 елді қамтыған авиациялық спорт федерациясының чемпионатында 8-орын алды. Айта берсеңіз көп, 1, 2 3-орындар, үнемі жүлделі орындар аламыз", - дейді дрон спортын дамытушы.

Мемлекеттік деңгейде дамыту керек

Қазіргі күні дрон спортымен айналысатындар саны мыңнан асады. Оның үш жүзі кәсіби түрде, қалғаны әуесқой.
"Бізде талантты жастар өте көп. Жүлделі орындар алатынына сенімдіміз. Біздегі бірінші мәселе, шетелде бұл спортты мемлекеттік деңгейде дамытады. Мысалы Ресейде дрон спорты деп бөлек дамытып жатыр. Америкада телевизиялық шоу жасап тұрып, жарыстар өткізеді. Кореяда тек дрон спортына арнап 20 млн долларға стадион салды. Қытайда университетке түсу, гранттар алу және спортпен айналысуға мүмкіндік беретін арнайы білім бағдарламалары бар. Бұл елде 1 млн оқушы дрон спортымен айналысады", - дейді Қайсар Есенғали.
Басқа мемлекеттердегі дрон спортының аясы да ауқымды. Дронның моторын дамытатын бөлек сала болса, оның бағдарламасын ойлап табатын бөлек сала, әр бөлшегін дамытатын әртүрлі сала бар.
"Қытай әлемдік деңгейдегі дрон спортынан мықтыларды жаппай өздеріне алып кетіп жатыр. Біздің де талантты оқушымыз Әлихан Нысанбаевқа сол елден шақырту келді. Оларда спортшыларға барлық жағдай жасалған. Ал бізде әрбір дрон спортшысы өз қалтасынан ақша шығарып, өздері әупірімдеп тірлік жасап жатыр. Егер бізде дрон спортын тездетіп мемлекеттік деңгейде дамытпасақ, әлдеқайда артта қаламыз", - дейді "Aspandrone" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі.
© Photo
Қазақстанда дрон спортының деңгейі қандай - Sputnik Қазақстан
1/9
© Photo
Қазақстанда дрон спортының деңгейі қандай - Sputnik Қазақстан
2/9
© Photo
Қазақстанда дрон спортының деңгейі қандай - Sputnik Қазақстан
3/9
© Photo
Қазақстанда дрон спортының деңгейі қандай - Sputnik Қазақстан
4/9
© Photo
Қазақстанда дрон спортының деңгейі қандай - Sputnik Қазақстан
5/9
© Photo
Қазақстанда дрон спортының деңгейі қандай - Sputnik Қазақстан
6/9
© Photo
Қазақстанда дрон спортының деңгейі қандай - Sputnik Қазақстан
7/9
© Photo
Қазақстанда дрон спортының деңгейі қандай - Sputnik Қазақстан
8/9
© Photo
Қазақстанда дрон спортының деңгейі қандай - Sputnik Қазақстан
9/9
1/9
2/9
3/9
4/9
5/9
6/9
7/9
8/9
9/9

Дронның пайдасы неде

Егер бір жүйеге келтірсе, дрон спортының болашағы зор.
"Дрон десе әскери саланы ғана ойлап керек емес. Бұл дрон қолданатын саланың тек біреуі ғана. Дрон ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте, көлік саласында бар, қарапайым тамақтың өзін дронмен жеткізетін болды. Биік ғимараттарды бояу, терезелерді жуу, егістік даласына әртүрлі органикалық заттар себу, бәріне қажет. Аэротаксимен адамдар тасымалдауда, тау-кен қазба жұмыстары, мұнай саласына да қолданады", - дейді Қайсар Есенғали.
Қазақстанда дрон спорты қанатын кеңге жая қойған жоқ. Қазірге ауқымды айналысатын бір ғана бірлестік бар.
"Біз өз күшімізбен ғана дамып келеміз. Биыл 28-29 қарашада халықаралық жарыс өтеді. Біздің деңгей өсті, енді мемлекеттік деңгейде және компаниялардың көмегі керек. Бізге демеу керек. Біздің талантты жастарымызды басқа елдер алып кетеді ме деген үрей бар", - дейді бірлестік жетекшісі.

Үйренгің келсе

Қайсар Есенғалидың айтуынша, дронмен айналысамын деген жастар ең бірінші дронды қай салаға қолдану керегін білу керек.
"Басқа адамдарға дронның зияны болмауы керек. Компьютерден үйреніп бастап, оқу орталықтарында дағдылану керек. Егер оқушы айналысқысы келсе, қауіпсіз аймақтарды таңдау керек, өйткені дрон өте үлкен жылдамдықпен ұшады. Әу баста шағын дрондаррмен машықтанып бастау керек", - деді бірлестік жетекшісі.
Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2026
Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек
Жаңалықтар
0